Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысынан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер саны белгілі болды

Алматы облысынан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер саны белгілі болды

Сайлау 2023

АСК төрайымының мәліметінше, парламент мәжілісі депутаттығына сайлауға түсуге Қонаев қаласындағы №11 округ бойынша 10 кандидат, Қаскелеңдегі №12 округ бойынша 15 кандидат тіркелді.

Ал облыстық мәслихаттың 19 депутатын партиялық тізімдер бойынша сайлауға 6 саяси партияның облыстық филиалдары тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынды. Нәтижесінде барлық тізім қабылданды.

«Мәслихаттар бойынша 523 адамның барлығы тіркелді. Олардың 388-і өзін-өзі ұсынған, 282-і түрлі партиялардан ұсынылған. 282-нің 209-ы – «Аманат» партиясынан, 11-і – «Ақ жол», 29-ы – «Қазақстан халық партиясы», 25-і – «Ауыл», 5-уі – «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясынан, 3 кандидат – «Республика» партиясынан ұсынылды», – деді Мейрамгүл Айтова.

Төрайымның мәліметінше, сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та және сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында жарияланды.
Сонымен қатар ол сайлау алдындағы үгіт-насихат негізгі төрт түрлі жолмен жүргізілетінін айтты. Олар:

– БАҚ арқылы;

– баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы;

– сайлау алдындағы жария іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы;

– онлайн-платформа арқылы.

Айта кетейік, биылғы парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында Алматы облысынан мәжіліске 2 депутат, облыстық мәслихатқа 38 депутат және Қонаев қаласы мен аудандық мәслихаттарға 190 депутат сайланады.