-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Балабақша қызметкерлерінің жалақысын өсіру қарастырылып жатыр

    21.02.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Демография
    Балабақша
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жүрген педагогтердің жалақысын өсіру бағытында тиісті іс-шаралар пысықталып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамоваға сілтеген ҚазАқпарат хабарлады.
    Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында балабақша педагогтерінің орташа жалақысы туралы сұрақ қойылды.
    «5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар және ең төменгі ІІ санатты балабақша педагогінің орташа айлығына тоқталсақ, шамамен 164-172 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, тәжірибесі жоқ, жұмысқа енді ғана орналасқан жас маманның жалақысы 94-120 мың теңге аралығында болады. Әрине, осы сомадағы жалақы тым аз. Сол себепті мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің табысын тағы да кезең-кезеңмен көтеруді қарастырып жатырмыз», – деді Манара Адамова.
    Бұл орайда ол 2023 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің айлығын көтеру мәселесі қарастырылатынын айтты.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйектегі жолдауында балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешуді, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейтуді тапсырған еді.
    Ресми мәлімет бойынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог жұмыс істейді. Оның 41 596-сы (42,7%) ауылды аймақтарда, 55 811-і (57,3%) адам еңбек етеді.

    ҚазАқпарат

    Ұсынымдар

    Жаңа бекет ашылды

    Жаңа бекет ашылды

    10 months ago
    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    7 months ago
    Рух пен сенім

    Рух пен сенім

    8 months ago
    “Oceanman Kazakhstan – 2023” жарысы аяқталды

    “Oceanman Kazakhstan – 2023” жарысы аяқталды

    2 years ago
    Халық игілігі үшін

    Халық игілігі үшін

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.