Дауыс беру рәсімі басталғалы прокуратураға ықтимал заңбұзушылықтар туралы 25 арыз түсті, оның бесеуі Бас прокуратураға жолданды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі департаментінің басшысы Азамат Сарғазин айтты.
Азамат Сарғазин ОКҚ сайтындағы «Сайлау-2023» онлайн марафоны кезінде тіркелген фактілерді жергілікті прокурорлар міндетті түрде тексеретінін атап өтті.
«Өтініштерде ықтимал заңбұзушылықтар, атап айтқанда, сайлауалды тыйым салынған уақытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу туралы айтылады. Сонымен бірге бүгінде азаматтар аумақтық прокуратураларға тікелей жүгініп отыр. Атап айтқанда, Астанада 4, Алматыда 1, Шымкентте 3, Шығыс Қазақстан облысында 5, Түркістанда 4, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден аумақтық прокуратуралар бар. Өтініштердің барлығы қаралып жатыр», – деді Азамат Сарғазин.
Прокуратура органдары сайлаудың заңдылығын жоғары деңгейде қадағаламақ.