Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады.
Астанада сайлау қорытындысы туралы отырыс өткізген ОСК мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар келесідей сайлаушылар даусын жинаған:
1. «Amanat партиясы» – 53,90% немесе 3 431 510 дауыс;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 дауыс;
3. «Respublica» партиясы – 8,59% немесе 547 154 дауыс;
4. «Қазақстан халық» партиясы – 6,8% немесе 432 920 дауыс;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 дауыс;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 дауыс;
7. «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы – 5,20% немесе 331 058 дауыс;
«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 дауыс.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәліметінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған «Amanat» партиясына 40 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясына 8 мандат, «Respublica» партиясына 6 мандат, «Қазақстан халық» партиясына 5 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясына 6 мандат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясына 4 мандат тиді.