Перейти к содержимому

«Алатау жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 1 қазан күні Алматы облысының жастарына арналған “Алатау жастары” ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды!

Бағдарламаның мынадай бірнеше шарты бар:

* Несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
* Бастапқы жарна — 10%;
* Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі — 6%;
* Несиелендіру мерзімі — 19 жыл.

Бағдарламаға келесідей санатқа кіретін адамдар қатыса алады:

* Өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған;
* ҚР азаматтығы бар;
* Бағдарламаға қатысушының, және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек;
* ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
* Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі — 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған);
* Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Өтініштерді қабылдау қазан айының 1-15 аралығында өтеді.

Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейін.

Мекенжайы: Қонаев қ., 1 шағын аудан №41, Бәйтерек БО, 1 қабат, акт залы.

Толық ақпарат алу үшін +77066282806 Whatsapp желісіне хабарласуға болады.