-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    03.03.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мәдениет, Руханият
    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    Болат Мәжит

    0
    SHARES
    53
    VIEWS

    Қазақ тарихында Абылай ханның алатын орны ерекше. Ол – бүкіл Алаш баласын ақ тудың астына біріктіріп, Ұлы даламызды жоңғар шапқыншылығынан азат еткен мемлекет қайраткері. Білім мен парасат, күш-қайрат, көрегенділік пен тектілікті бойына дарытқан заңғар тұлғаның есімі ел есінде мәңгілікке сақталады. Тәуелсіздік таңы атқанда ұрпақтары Абылайды ұлықтады. Азаттықты баба арманының жалғасы деп ұқты.

    Қайраткердің от шашыраған ойлы жанары, халқына сыр шерткен ақылды сәті қылқалам шеберлерінің шығармашылығына арқау болды. Бабамыздың кескіні төл теңгемізге енді. Ескерткіштері асқақтады. Алайда Абылай ханды алғаш рет өзінен айнытпай кімнің бейнелегенін және сол бейненің барлық суретшілерге үлгі болғанын білесіз бе? Ол – Алматы облысының перзенті, белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмақын Қайрамбаев.

    Оқиға былай өрбіген: 1993 жылдың басында Абылай ханның портретін жасап, оны тұрақтандыру мәселесі үкімет деңгейінде көтеріліп, арнайы байқау жарияланады. Баба бейнесін сомдауға қылқалам шеберлері жаппай қатысады.

    – Біздің қуанғанымыз, Абылай хан бабамыздың суретін нобайлау үшін табан тірейтін негіз бар болып шықты. Өз заманында қайраткерді көзімен көрген еуропалық саяхатшы ханның кескінін қарындашпен шама-шарқынша қағазға түсірген екен. Аталған жәдігер батыс елдерінің мұрағатынан табылыпты. Қазақ суретшілері асыл бейнемен мұқият танысты. Оны қалпына келтіру жұмысы үлкен ізденістерді қажет етеді. Себебі, адамның портреті сыртқы пішінді ұқсатумен толық аяқталмайды. Ханның болмысы, адами толғаныстары шығармадан анық байқалуы тиіс.Сондықтан мен Абылай хан заманын оймен шарладым. Тарих материалдарын мұқият зерделедім. Тапқандарымды әдеби шығармалармен салыстыра оқыдым. Көшпенділер дәуірінің беймәлім құпияларын білуге ұмтылдым. Бәріне бүгінгі ұрпақ көзімен баға беруге тырыстым.
    Сол күндері шабыттануға да, шаршауға да тура келді. Қаншама қағаз шимайланып, қаншама бояу пайдаланылды?! Өткізген ұйқысыз түндер шығармашылық еңбектің бір дәлелі. Ақыры мақсатыма жеттім. Толыққанды баба бейнесі көз алдыма елестеді. Суретті қазақы қалыпқа түсіргенде, бабамыз халқымен қауышты. Оны орындау бақыты менің маңдайыма жазылған екен, – дейді Жұмақын аға өткен күндерді еске алып.

    Қазылар алқасы бәйге қоржынына түскен әр суретті жіті қадағалады. «Екі шоқып, бір қарады». Өйткені бұл жауапты міндет еді. Оның үстіне, байқау барысын мемлекет басшысының өзі назарында ұстады.

    Жарыс қорытындысы да жарияланды. Жұмақын Қайрамбаев жеңімпаз атанды. Ол жасаған Абылай хан портреті бірауыздан мақұлданады. Күні бүгінге дейін осынау көркем бейне – сурет, мүсін шығармаларында бірыңғай қолданатын, өзгермейтін эталонға айналды.

    Жұмабай Қайрамбаев кім? Аз-кем соған тоқталайық. Ол суретшілікке кездейсоқ келген жан емес. Ең алдымен бойына туа бітті қабілет дарыды. Одан кейін білім мен еңбектің арқасында оны еселеп шыңдады. Жетісу өлкесінің бір пұшпағы саналатын Кетпен тауының етегінде өскен қара бала сенімін серік етіп, Алматыдағы Гоголь атындағы (қазіргі Орал Таңсықбаев) көркемсурет училищесіне барады. Жолы болып студент атанады. Содан бастап өнердің үлкен жолына біртіндеп ойысады.

    1975 жылы училищені ойдағыдай аяқтап, Ресейдің жоғарғы оқу орнына жолдама алады. Ленинградтағы Е.И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтына оқуға түседі. Әлемдік деңгейдегі шеберлерден тәлім алады. Шығармаларының мазмұнын қазақы мәнермен байытады.

    Мұқият зерделесеңіз, Жұмақын ағаның еңбектерін үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – портреттер. Олардың ішіндегі шоқтығы биіктері – Құрманғазы, Абай, Мұқағалидың бейнесі. Суретші ұлы тұлғаларды сомдағанда, олардың философиясын терең түсінген. Ол шығармаларында анық байқалады.

    Екінші топты – ұлттық рух деп атаған дұрыс шығар. Мәселен «Ата-баба тарихы» кескіндемесінде ықылым замандардың тіршілік – тынысын бізге айнытпай жеткізген. «Көшпенділер туралы жыры» да күрделі туынды. Бұлар жалаң мазмұнмен баяндалмайды. Сырға, жырға, бояуларға бай. «Бата», «Аңыз» полотноларында да осы сарын өзінің заңды жалғасын тапқан.

    – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығында Жұмақынның «Аңыз – 2» деген сериялы шығармасы бірінші жүлдені иеленді. Ол осы арқылы ұлт шежіресін қылқаламмен де жазуға болатынын дәлелдеді, – дейді суретшінің ағасы, белгілі жазушы Жұмабай Қайранбаев.

    Суреттердің үшінші тобы – қырандар мен сәйгүліктерге арналған. «Жылқы, жол, жолаушы Қайрамбаев кескіндемелерінің кеңістігін толтырады. …Бүркіті қалықтаған композициялар тәкаппар құстың көк әлеміндегі ұлылығы мен кемелдігін аша түскендей», деп баға береді өнертанушы ғалым Екатерина Резникова.

    Қылқалам шеберінің сурет өнеріндегі қыры мен сыры сантарау. Сурет салумен ғана шектелмейді. Өнеге мен тәлімі өзінше бір төбе. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы ретінде небір дарынды шәкірттерді тәрбиелеп, түлетіп, қазақ өнерінің кең өріс алуына үлесін қосып жүр.

    Абылай ханның алғашқы портретін көргенде ханның төл ұрпағы, әйгілі сәулетші Шота Уәлиханов ерекше қуанған екен.

    – Жұмақын, сен өзің үшін ғана емес, ұлт үшін де үлкен жұмыс бітірдің. Бабамызды орнынан тұрғыздың. Бұл – жақсы ырым! Сонымен қатар, саған айтатын тағы бір өтініш бар. Кенесары ханды да бейнеле. Қолыңнан келеді. Олардың анатомиялық және биологиялық ұқсастықтары санаңда сайрап тұр, – деп суретшіні мейірлене құшақтапты.

    Жұмақын ағамыз жасаған Кенесары да сәтті шықты. Жұртшылық тарапынан жоғары бағаланады. «Ол кескіндеген қайраткерлердің портреті бүгінде канондық үлгіге айналды» дейді әріптестері. Суретші қазір де тынымсыз жұмыс үстінде. Бәлкім, «Шабыт шаршатпайды» деген тәмсіл рас шығар.

    Болат Мәжит

    Tags: абылай ханбейнелеу өнеріжұмақын қайрамбаев

    Ұсынымдар

    Өңірдің өз телеарнасы бар

    Өңірдің өз телеарнасы бар

    2 months ago
    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    608 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

    1 year ago
    Газет көтерген мәселе

    Газет көтерген мәселе

    6 months ago
    Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

    Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

    1 month ago
    ҚАЙТАЛАНБАС ҚАРҚАРА САПАРЫ

    ҚАЙТАЛАНБАС ҚАРҚАРА САПАРЫ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.