-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Фермерлер де саяси науқаннан тыс қалмайды

    19.03.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Сайлау-2023
    Фермерлер де саяси науқаннан тыс қалмайды

    Фото: Серік Сатыбалдиев

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Аудан орталығынан шалғайдағы Бесмойнақ ауылында тұратындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Таулы аймақта төрт түлік өсірушілердің бірі – Қайрат Сәрсенбаев.

    Ол осындағы жеке шаруа қожалығының төрағасы ретінде саланың дамуына өз үлесін қосып жүр. Тау қойнауына сұғына қоныстанған елді мекеннің тұрғындары қашаннан ерте тұрады. Сайлауға отбасымен ертелетіп келіп, дауыс берген азамат еліміздегі саяси оқиғаларға бей-жай қарамайды.

    – Мемлекетіміз заман көшінен қалмай дамыса екен. Ол үшін билік тұтқасын ұстайтын азаматтар білікті, отаншыл, әділ болуға тиіс. Сондай адамдарды таңдап жатырмыз бүгін. Мен осында жұбайыммен, кішкентай қызымызды ерте келіп, өз таңдауымызды жасадық, – дейді Қайрат Сәрсенбаев.

    Бесмойнақта да бұл күні саяси науқан белгіленген тәртіппен өтуде. Осындағы Жанкелдин атындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан №311 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-де жұмысын бастаған. Аталған комиссияның хатшысы Болат Нұрғалымовтың айтуынша, тіршілігі таң азаннан басталатын ауылдықтар дауыс беруге де ертелетіп келіп, белсенділік танытып жатыр екен. Әсіресе зейнеткерлер мен орта жастағылар саяси науқанның мән-маңызын жете түсініп, өз таңдауларын жасауда жастарға үлгі болуда. Мұндағы тіркелген сайлаушылар саны – 916. Оның ішінде екеуі денсаулығына байланысты үйден дауыс береді. Тізімде жасы он сегізге енді толған 6 азамат бар.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ел бірлігінің ұйытқысы

    Ел бірлігінің ұйытқысы

    2 months ago

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    2 years ago
    Қаржылық сауатын арттырады

    Қаржылық сауатын арттырады

    9 months ago
    Тәрбие – тал бесіктен

    Тәрбие – тал бесіктен

    1 year ago
    Ворошилов су қоймасына Алматыдан көмекке құтқарушылар келді

    Ворошилов су қоймасына Алматыдан көмекке құтқарушылар келді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>