-13 °c
Qonaev
Monday, July 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Күй – құдірет

    03.03.2023
    in Білім-ғылым, Мәдениет, Руханият
    Күй – құдірет
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-домбырашы Шәміл Әбілтаймен «Күй – құдірет» атты кездесу кеші өтті. Шәміл Әбілтайдың 75 жылдық мерейтойына арналған іс-шараны А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (ф.ғ.д), профессор Анар Бекмырзақызы ашып, өнерпаз өмірі туралы сөз қозғады. Кездесу кешінде ф.ғ.д., профессор Берікбай Сағындықұлы сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

    Күмбірлеген күй өнеріне арналған кездесу барысында студенттер ұлттық өнерді дәріптеп жүрген өнерпазға түрлі сұрақтар қойып, автордың шығарған күйлерінің тарихынан хабардар болды. Кездесу кешінде жиналған студенттер мен оқытушыларға күйші «Тұран», «Ұлт ұстазы – Ахмет», «Ұлт көсемі – Әлихан» деген күйлерін тартып, «Ұлытау», «Аңсау» әндерін орындады. Күйшінің шығармашылығына арналған кеш барысында студенттер де өз өнерлерін көрсетіп, күйшінің батасын алды. Қазақтың ұлттық болмысын тереңнен түсінуге жол ашқан танымдық кездесуде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Нұрлан Түменбаев күйшінің туындыларын орындап берді.

    Осындай кездесулердің ұлттық құндылыққа негізделген білім беру үдерісінде маңызы зор. Күй құдіретіне терең бойлаған танымдық іс-шаралардың жалғасын табарына сеніміміз мол.

    Айнұр Ақкөзова

    Ұсынымдар

    Арманы орындалған ардагер

    Арманы орындалған ардагер

    5 months ago
    Аспантаудан Анадолыға жол

    Аспантаудан Анадолыға жол

    1 year ago
    Қамкөңіл балаларға қамқорлық танытты

    Қамкөңіл балаларға қамқорлық танытты

    1 year ago
    Мыңдаған жұмыс орны ашылады

    Мыңдаған жұмыс орны ашылады

    1 year ago
    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.