-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    22.03.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Руханият, Экономика
    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Талғар ауданында ашылған Мәдениет үйі. Фото: Аслан Қажеке

    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын талғарлықтар да тамаша деңгейде атап өтті. Орталық алаңға алты қанат ақбоз үйлер тігіліп, шатырлар тізілді. Онда ауданның барлық мекемелері мен білім ошақтары, этно-мәдени орталықтары ақ дастарқан жайып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көже дайындап, көпке ұсынды. Ал өнерпаздар ән әуелетіп, күй шертіп, би билеп мейрамның мән-маңызын айшықтады. Асық ату, арқан тарту, күш сынасу сынды сан түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, халықтың көңіліне қуаныш сыйлады. Алаңға жиналған қарақұрым халықтың көптігі сонша, ине шаншар орын болмады.

    Халықтар достығын, елдігіміз бен бірлігіміздің ұйытқысы болған ұлыс күнінің екінші жартысы Бесағаш ауылының тұрғындары үшін жүрекжарды қуанышқа ұласты. Алматы – Талғар күрежолының бойынан сәні мен салтанаты жарасқан Мәдениет үйінің салтанатты ашылуы болды. Оған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы келіп, ауыл тұрғындарын, өнерсүйер қауымды қуанышымен құттықтады.

    – Өміріміздің жаңаруы, жаңғыруымен басталатын Наурыз мейрамы құтты болсын! Биыл өңірде бұл мереке ерекше форматта аталып өтуде. Карантин шектеулерінен кейін мұндай кең ауқымды мерекелік шараны халық сағынып қалған сыңайлы. Бұл мейрамда адамдар бір-біріне кешірімді болып, қыстан аман шыққанына қуанып, құшақ жая қауышады. Ақ тілектерін арнайды. Сондықтан Бесағаш ауылының тұрғындары үшін де бүгін айтулы күн. Қаншама жылдардан соң қайта қалпына келген Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, халыққа есігін айқара ашады. Алғашқы концертті тамашалайсыздар. Осы ғимаратқа Алматы облыстық филормониясы уақытша орналасады. Оның халыққа да, өнерге құштар жастарға да пайдасы тиіп, оң әсер береді деп ойлаймын. Өйткені филормонияның есігі ашық, әртістеріміз осында. Сол себепті, кішкентай балаларымыз бен үлкен кісілердің де уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіншілік боларына сенемін, – деген облыс әкімі Марат Елеусізұлы өңірдің өркендеп келе жатқанын айрықша атады.

    Бұл орайда Талғар ауданының да әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениетке қосып отырған үлесі сүбелі екенін атап өтті.

    Әкім бірнеше этнос өкілдері қоныс тепкен аудандардың бірі Талғар ауданының халқы – Алматы мегаполисімен іргелес болғандықтан еңбек етуге бейім, кәсіпкерлікті дамытудағы белсенділігі жоғары екенін айта келіп, ауыл тұрғындарын әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Сөз соңында Мәдениет үйіне облыс әкімдігі атынан теледидар тарту етті.

    – Бұл Мәдениет үйі Бесағаш ауылының белсенді азаматтарының арқасында халыққа қайтарылды. Соның нәтижесінде қайта жөнделіп, жарқырата жасалып, табыс етіліп отыр. Көп жыл күткен қуанышымыздың ұлыстың ұлы күніне сәйкес келуін жақсылыққа жоримыз. Өңірімізде өнерлі жастарымыз көп болсын, – деген Талғар ауданының Құрметті азаматы Марат Қожамбердиев жиылған жұртты Наурыз мейрамымен құттықтады.

    Келесі кезекте еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін Мәдениет үйінің қызығын көруін тілеген Бесағаш ауылының байырғы тұрғыны Қасымбеков Нұрсапа ата ақ батасын берді. Салтанатты рәсім бойынша алқызыл лента қиылып, шашу шашылды.

    Еңсесі биік, заманауи үлгіде жасалған кең сарайдай Мәдениет үйінің ішкі құрылымымен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова таныстырды. Ғимараттың алғашқы бөлігіне әкімшілік және штаттық кабинеттер орналасқан. Одан кейінгі кең фойеде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, танымал суретші Амандос Ақанаевтың сурет көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Ал үшінші, яғни көрермен залындағы үлкен сахнаның шымылдығын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, композитор Секен Тұрысбековтің «Ақ жауын» оркестрінің концерттік бағдарламасы ашты.

    Іргесі 1972 жылы қаланған мәдениет ошағы оңтайландыру саясатымен 1993 жылы жекеменшікке өтіп кеткен еді. Бүгінгі қуаныш Тастан Бекболатов, Сапархан Исаев, Кәкімбек аға сынды ауылдың бір топ белсенділері бастаған мыңға жуық азаматтың содан бергі араша сұрап, әділдік іздеп жүріп жеткен жеңісінің жемісі деуге болады. Мәдениет үйін халыққа қайтаруда бұл азаматтардың табан тоздырып, уақыт оздырғанын айтқан аудандық ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева ғимараттың жылыту жүйесі көгілдір отынға қосылғанын, жарықтандыру, материалдық-техникалық базамен жабдықталуы көңіл қуантарлық екенін мәлім етті.
    Олай болса, халықтың қалауымен қайтарылған мәдениет ошағында игі істер жанданып, ұлттық өнеріміздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына тілектестігімізді білдіреміз!

    Ұлбосын Исабек
    Талғар ауданы

    Tags: мәдениет үйіНаурыз мерекесіТалғар ауданы

    Ұсынымдар

    Балалар жырының бағбаны

    Балалар жырының бағбаны

    10 months ago
    Футзалдан «Бірінші лига» ойындарының республикалық чемпионаты басталды

    Футзалдан «Бірінші лига» ойындарының республикалық чемпионаты басталды

    6 months ago
    Репродуктивті денсаулық апталығы басталды

    Репродуктивті денсаулық апталығы басталды

    12 months ago
    Мал өлекселерін ауыл сыртына тастай салған

    Мал өлекселерін ауыл сыртына тастай салған

    2 years ago
    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    Бір арнаға тоғысса…

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>