-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Т.Жүргеновтың мерейтойына орай театр ұжымдарының фестивалі өтті

    30.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Т.Жүргеновтың мерейтойына орай театр ұжымдарының фестивалі өтті
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Бүгін Қарасай аудандық мәдениет үйінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан ұлтжанды тұлға Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығы аясында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтық» атағы бар және жаңадан құрылған театр ұжымдарының қатысуымен «Алтын қазық» атты театр фестивалі өтті. Бір күнге созылған шараға Алматы облысының әр өңірінен 12 театр ұжымы қатысты.

    Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшы Әлия Әлімжанқызы сахна шеберлерін Халықаралық театр күніне орай Алғыс хаттармен марапаттап, ақшалай сертификаттар табыс етті.

    Атаулы шараға түрлі образдағы сахналық киімдерімен келген театр өнерпаздары Мәдениет үйінің фойесінде орналасқан «Батыр елдің ұрпағымыз» көрмесі, «Ретро» көрмесі, «Черный квадрат» фотозонасы мен «90-шы жылдардағы буфет» фотозонасы сынды арнайы тақырыптық локацияларда естелік суреттерге түсті.

    Көзіқарақты көрермен «Бақанас» театры, Т.Молдағалиев атындағы «Жастар» драма театры, «Қаракемер» балалар театры, «Кеген», «Ақши», «Қуыршақ» халықтық театры, «Сүйінбай», «Хантәңірі», «Қапшағай», «Талғар» және «Қарадала» театрларының қойылымдарын жоғары бағалап, «Халық театрлары» өнерінің қазіргі келбетімен, заманауи жаңа бағыттарымен танысты.

    Сахна тарландары өз кезегінде сомдалған тұлғалардың психолигиялық ерекшеліктері мен қайраткерлік қырларын, тарихи болмысын барынша ашып көрсетуге тырысты.

    Театр актерлерінің күрделі драматургиялық материалмен жұмыс жасауға қарым-қабілеттерін шыңдай түсу мақсатында өнер тарландары ұжымдарға режиссерлік, актерлік бағыттарда шеберлік сағаттарын өтті. Атап айтсақ, драматургия бағытында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Бақыт Беделхан, режиссура бағытында актер, режиссер, Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының театр жұмыстарын үйлестіруші әдіскері Асқар Наймантаев, актерлік шеберлік бағытында әнші, актер Мақсат Рахмет, актерлік шеберлік бағытында театр және кино актері Ергенбай Абуев дәріс оқып, құнды ақпараттармен бөлісті.

    Айта кететін жәйт, биыл «Қарасай жастары» театрының ашылғанына 5 жыл толып отыр. Театр 2018 жылы ақпан айында Қарасай аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылып, 2019 жылы Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Қарасай батыр» атты спектаклімен театрдың тұсауы кесілген болатын. Бүгінде театр репертуарында Бақыт Беделханның «9 грамм» спектаклі, «Жүректің көзі ашылса…» поэтикалық драмасы, Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасы, балаларға арналған «Бремен музыканттары», «Батыл көжектер», «Қадірдің бақыты» атты қойылымдары көрермендерінің ықыласына бөленуде.



    Ұсынымдар

    Байсеркенің балмұздағы – әлемдік нарықта

    Байсеркенің балмұздағы – әлемдік нарықта

    1 year ago
    Бағыты айқын

    Бағыты айқын

    10 months ago
    Жастарға жұмыс ұсынылды

    Алматы облысында 3 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

    10 months ago
    Бір ауылдан шыққан қос жеңімпазға құрмет көрсетілді

    Бір ауылдан шыққан қос жеңімпазға құрмет көрсетілді

    2 years ago
    Отбасы мен Отанына тер төккен

    Отбасы мен Отанына тер төккен

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.