-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Талғарда «Жанұя» орталығы көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

    06.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Мәдениет, Өңір тынысы
    Талғарда «Жанұя» орталығы көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

    Ұлбосын Исабек

    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Көктемнің шуағымен жеткен әйелдер мерекесіне орай Талғар аудандық «Жанұя» отбасына қолдау көрсету орталығының қызметкерлері ақ дастарқан жайып, көпбалалы аналардың басын қосты. Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және көпбалалы аналардың қиын жағдайларды еңсеруде ынтасын арттыру, кәсіпкерлік бағыт-бағдар беру, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру сынды тұрмыс-тіршіліктегі сан сауалдар төңірегінде қолдау көрсетуді мақсат еткен бұл орталықтың жұмыс істеп жатқанына үш айға жуықтаған. Осы уақыт аралығында аудан бойынша 70-ке таяу азамат орталық жұмысына жүгінген.

    – «Жанұя» орталығы мамандарының көмегімен өзіме тиесілі күміс алқамды алдым. Баламды балабақшаға орналастырып, несиемді ретке келтірдім. Маған құқықтық көмек берген мамандарға алғысым зор, – дейді көпбалалы ана Шолпан Адишова.

    Мерекелік шараға жиылған көпбалалы аналардың жүздерінен қуаныш лебі еседі. Бір-бірімен дидарласып, мәре-сәре күйге бөленген.

    – Құдай берген 8 баланы өсіріп, өндірдік. Мұндай мерекелік шараға алғаш келуім. Көпбалалы ана ретінде еленіп, құрметке бөленуімнің арқасында төбем көкке жеткендей күй кешудемін. Менің байлығым – балаларым, – дейді 8 баланың анасы Бақытгүл Кенжебаева.

    Бала өсіруде сан ғана емес сапаға мән беруді ұмытпаған ұлағатты отбасындағы 8 баланың 6-уы жоғары оқу орындарында оқыған. Алды мұғалім, одан кейінгісі әскери салада еңбекке араласса, 3 баласы студент. Кейінгі екі баласы мектепте білім алып жүр. Үлкен екі баласының Кеңдала ауылындағы №36 орта мектепті алтын медальмен бітіруі шын мәнінде дарындылар отбасы екендігін аңғартпай қоймайды. Таланттарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген анаға айтылар алғыс айрықша.

    – Біздің орталық мамандары тұрмыстық қиындық көрген, әлеуметтік әлсіз отбасыларға көмек көрсетуге әзір. «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербейді» деген. Үйдің береке-бірлігін нығайтып, отбасы құндылығын сақтап, ұл-қыз өсірудегі еңбектеріңіз жансын. Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта ажырасу, некесіз бала туу сынды салтымызға жат қылықтар көбейіп отыр. Осы тұста сабыр мен ақылды, төзімділікті бойға сіңірген аяулы аналарымыз қандай да құрметке лайық, – деген «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Құралай Дүйсебаева жиылған аналарды мерейлі мерекелерімен құттықтады.

    Қазақтың санын арттырып отырған 12 баланың анасы Гүлназ Отынбекова бастаған көпбалалы аналардың құрметіне аудандық мәдеиет үйінің өнерпаздары ән мен жыр арнады. Сондай-ақ, отбасының ұйытқысына айналған, тәрбиелі ұл-қыз өсіріп, қоғамға сүбелі үлес қосқан еселі еңбектеріне Алғыс хат пен алқызыл гүл тарту етті.

    Талғар ауданы,
    Ұлбосын Исабек

    Tags: "Жанұя"көпбалалы ана

    Ұсынымдар

    Отанымның жүрегі

    Отанымның жүрегі

    11 months ago
    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Ат үстіндегі жауынгерлік өнер

    10 months ago
    Өмірдің мәні – бала

    Өмірдің мәні – бала

    1 year ago
    Тәртіптік іс қаралды

    Әдептен озбайық!

    12 months ago
    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>