⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    МӘМС жайы қаралды

    13.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    МӘМС жайы қаралды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты тарту жөніңдегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Басқосуды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қаңтар айынан бастап облыста халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту көрсеткіші бойынша тұрақты оң динамика қалыптаспай отырғанын айтты.

    Облыс әкімінің орынбасары биыл 5 қаңтарда сақтандырылмаған азаматтардың саны 225 266 адамды құраса, бұл көрсеткіш 5 мамырда 4,5%-ға артып, 235 505-ке жеткенін, ең жоғары өсім 6 сәуір мен 5 мамыр аралығына тиесілі болғанын тілге тиек етті. Сонымен бірге бірінші тоқсанда штаб отырысынан кейін жүргізілген жұмыстарда жандану байқалғанымен, кейінгі кезде, әсіресе сәуір айында қарқын төмендеп, көрсеткіштердің біркелкілігі сақталмағанына қатысу­шылардың назарын аударды.
    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев жыл басынан бері сақтандырылмаған азаматтардың өсімі Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында байқалып отырғанын айтты. Сондай-ақ есепті бір ай ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған азаматтар санының айтарлықтай артуы салықтар мен міндетті төлемдердің ақпараттық жүйелерге уақытылы түспеуімен, сондай-ақ мереке күндеріне байланысты қалыптасқан уақытша жағдаймен байланысты болуы мүмкін екенін қаперге салды. Сақтандырылмаған азаматтардың ең жоғары үлесі жекеменшік «TABIBMED» клиникасында тіркелгенін, басқа медициналық ұйымдар бойынша жағдай тұрақты екенін хабардар етті.
    Келесі кезекте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Вайысовтың жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Д» және «Е» санаттарына жататын тұлғалар үшін МӘМС жарналарын қаржыландыру мәселесі бойынша баяндамасы тыңдалды.
    – Отбасының цифрлық картасының дерегіне сәйкес, облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған халық саны 307,7 мың адамды құрайды. Оның 81,4 мыңы – «D» санатына, 21,9 мыңы «E» санатына жатады. Сонымен қатар биыл жұмыссыз ретінде 27,4 мың адам тіркелген. D және E әлеуметтік санаттарына жататын жұмыс істемейтін 26 268 адам үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуге 2,643 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға арналған МӘМС жарналарын қаржыландыру мақсатында 1,2 млрд теңге сұралған. Қазіргі уақытта бұл қаражаттың бөлінуі қаралу үстінде. Қаңтар айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуге қажеттілік 576 азаматқа 3,8 млн теңге мөлшерінде айқындалды. Аталған төлемдер толық көлемде жүргізілді, – деді басқарма басшысы.
    Баяндамашының айтуынша, бүгінде облыста «Д» және «Е» санатындағы отбасылардың үлесі – 28,7 пайыз. Жұмыссыз азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуге арналған қаражаттың қаңтар-мамыр айларына арналған жалпы қажеттілігі 415,4 млн теңгені құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған мәртебесінің болмауына байланысты өтініштер түскен. Соған орай, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қажетті қаражат бөлуді қарастыру туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ресми хат жолданған.
    Жиынды қорытындылаған Ғани Айдарұлы ұсынылған мәліметтерді назарға алып, хаттамаға енгізуді тапсырды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
    13.05.2026
    Көлік кілтін табыстады
    13.05.2026
    МӘМС жайы қаралды
    13.05.2026
    Жаңа белес
    13.05.2026
    Президент хатын тапсырды
    13.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>