Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында ана өлімі азайып, нәресте өлімі көбейді

Алматы облысында ана өлімі азайып, нәресте өлімі көбейді

Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы облысында тұрғындармен кездесуінде айтты. Кездесуде баяндама жасаған министр еліміздегі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы статистикалық деректер келтірді.

«Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі – республика азаматтарының денсаулығын нығайту. Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін біз өткен жылы кешенді жұмыс жүргіздік. Бұл тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды», – деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, облыста қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 26%, обырдан болатын өлім – 5%, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 43% және туберкулезден болатын өлім-жітім 25% төмендеген.

«Алматы облысы бойынша халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 13%-ға ұлғайды. Ана өлімі 3 есе төмендеді, 2022 жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейі 9%-ға ұлғайды. Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы артты», – деді министр.