Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алкогольдің алдын алу отбасыдан басталады

Алкогольдің алдын алу отбасыдан басталады

21 қаралым

Баланың тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Үйдегі ата-ананың өмір салты жасөспірімнің мінез-құлқына тікелей әсер етуі мүмкін. Сондықтан үлкендер балаларына зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын түсіндіруі қажет. Алкогольге әуестік адамның денсаулығына және әлеуметтік жағдайына кері ықпал етеді. Кей жағдайда мас күйіндегі адамның әрекеті қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Әр отбасыда өзара сыйластық пен жауапкершілік құндылықтары орныққаны жөн. Берік отбасы – қауіпсіз әрі тәртіпті қоғамның негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ