Перейти к содержимому

Дұрыс әдет қалыптастырудан басталады

26 қаралым

Әр адам өз денсаулығы мен өмір салтына жауапты. Алкогольді тұтынудың алдын алу дұрыс әдет қалыптастырудан басталады. Жастардың бос уақытын спортқа, шығармашылыққа және пайдалы қоғамдық жұмыстарға бағыттау маңызды. Спортпен шұғылданған жас зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға бейім болады. Ата-ана баласына жеке үлгі көрсету арқылы тәрбиелік ықпалын күшейте алады. Құқық қорғау органдары да алкогольге байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін түсіну қажет. Салауатты өмір салтын таңдаған қоғамның болашағы да берік болады.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ