-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Облыс әкімі депутаттардың өңірді дамытудағы рөлін айқындады

    08.04.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Экономика
    Облыс әкімі депутаттардың өңірді дамытудағы рөлін айқындады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңадан сайланған аудандық, қалалық, облыстық мәслихат депутаттарын қабылдады. Басқосу барысында өңір басшысы депутаттардың Алматы облысын дамытудағы рөлі жайлы айтты.

    «Алматы облысының 2030 жылға дейін даму стратегиясы қабылданды. Бұл жоба әр ауданның мамандануына басты назар аудара отырып, аумақтарды теңгерімді дамыту арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Жобаны іке асыру кезінде тұрғындардың арасында түсініспеушілік туатыны сөзсіз. Мысалы, кей адамдар дәстүрлі шаруашылықтарын ары қарай дөңгелеткісі келеді. Бірақ ол қазіргі жағдайды ескергенде, мүмкін емес әрі қолайсыз екені анықталады. Ал депутаттар халық пен билік арасындағы көпір. Сондықтан жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізу қажет. Бюджетті қарау бөлек мәселе, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату басқа мәселе», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Сондай-ақ облыс әкімі жайылым жердің тапшылығы мәселесіне де ерекше тоқталды.

    «Алматы қаласының төңірегінде тұратын жұрт жайылым жер жетпейтініне жиі шағымданады. Қаскелең, Талғар, Алматы қалаларында халық саны тым көбейіп, жер көлемі ұлғайып кетті. Бұл жерлерде я сүтті-тауарлы ферма саласын дамытуға немесе мал бордақылау алаңын жасауға көшу керек. Мәселелердің осындай шешімін халыққа уақытында жеткізіп отыруымыз қажет. Осы тұста облыста мал жаюға қолайлы аумақ – шалғай аудандар екенін айтқым келеді. Өңірде жайылым жерді игерудің регламенттері де бар. Мұны да тұрғындарға түсіндіріп беруге тиістіміз», – деді облыс әкімі.

    Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысының Алматы облысына жасаған іссапарында айқындап берген мақсаттарға шолу жасап шықты.

    Кейіннен депутаттар облыс әкіміне сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Бұдан бөлек, олар G4 city және Қонаев қаласының бас жоспарымен танысып, жобаның тиімділігін растайтындарын жеткізді.

    Tags: мәслихат депутаттарыөңірді дамыту

    Ұсынымдар

    Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

    Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

    8 months ago
    «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    9 months ago
    Тамыз несімен тамсандырады?

    Тамыз несімен тамсандырады?

    10 months ago
    Ішімдікті заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды

    Ішімдікті заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды

    12 months ago
    Сынсыз әдебиет – дымсыз әдебиет

    Сынсыз әдебиет – дымсыз әдебиет

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>