Перейти к содержимому
Главная страница » Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Қазақстан бас прокуроры Берік Асылов мемлекетке 760 миллиард теңге қайтарылғанын хабарлады. Бұл туралы ол Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.

«Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды. Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр», – деді Берік Асылов.

Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 млрд теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар қайтарылған.