Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысында сайлау күні 25 сәби дүниеге келді

Алматы облысында сайлау күні 25 сәби дүниеге келді

46 қаралым

Мәслихат депутаттарын сайлау күні Алматы облысында 25 сәби өмір есігін ашты. Оның 15-і – қыз, ал 10-ы – ұл бала.

Дүниеге келген әрбір сәби – жаңа өмірдің бастауы, отбасының бақыты және елдің болашағы. Ал дәл осы күні туылған нәрестелер мен олардың ата-анасы бұл сәтті жадында ерекше естеліктермен сақтайтыны сөзсіз. Себебі әлемге жаңа келген сәбимен бірге еліміз де жаңа кезеңге қадам басқалы тұр.

Алматы облысында жыл сайын орта есеппен 27-30 мың бала дүниеге келеді. Өткен жылы өңірде 27 131 нәресте туған. Туу көрсеткіші бойынша Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары алдыңғы қатарда. Облыста ана мен бала денсаулығын қорғау, жүктіліктің алғашқы кезеңінен бастап медициналық бақылауға алу, босандыру кезіндегі қызметтің сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда.

Айта кетейік, Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде барлығы 1 056 474 азамат дауыс беру құқығына ие.
Сайлау 20:00-ге дейін жалғасады.

Алматы облысының ӨКҚ

↑