Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қоғам қайраткерінің таңдауы

Қоғам қайраткерінің таңдауы

44 қаралым


Қоғам қайраткері, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Тынышбай Досымбеков №97 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Тынышбай Досымбеков ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте және ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Әр жылдары аудан әкімі және облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған ол бүгінде қоғамдық өмірге белсене араласып келеді.
Елге сыйлы азаматтың сайлауға қатысуы – оның ел болашағына деген жауапкершілігіне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Оның азаматтық ұстанымы айналасындағыларға, әсіресе өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

↑