-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

    31.05.2023
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Қуғын-сүргін құрбандары, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Саясат
    Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысының Талғар ауданы, Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтіп, осыған орай арнайы кітаптардың тұсауы кесілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға сол тұстағы солақай саясаттың құрбанына айналған тұлғалардың ұрпақтары қатысты.

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу орталығының директоры Райхан Имахамбет, қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Мұхаметжан Тынышбайұлының немересі Нұршекен Тынышпаева, қоғам және мемлекет қайраткері Ыдырыс Көшкіновтың шөбересі Дархан Ыдырыс, шет елден келген тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағұл Байдилдеев, Қырғыз Республикасының «Ата – бейит» ұлттық тарихи мемориалдық комплекс директоры Рыскул Боромбаев, тарихшылар әрі мемлекеттік комиссия мүшелері Хангелді Әбжанов пен Мәмбет Қойгелдиев және өңірлік саяси құғын-сүргін комиссиясының мүшелері қатысты.
    Шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарға құран бағыштады.

    Аталған шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев еске алу шарасының маңызды әрі келешек ұрпақ үшін құндылығы жоғары екенін атап өтті. «Қасіретті жылдардың құрбандарын ақтау жұмысы жалғасуда. Бұл ретте облысымызда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия мүшелері азаматтарды ақтау үшін архив құжаттарымен жұмыс істеп, «Қастек көтерілісі. 1928 жыл», «Империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы», «Алатау өңірі: Алаш қайраткерлері», «1928: Мүлікті тәркілеу тарихынан – Балқаш ауданы» сияқты құжаттар жинақтарын шығарды. Тарихтағы осындай қиын кезең бірлігімізді берік, бүгінгі тірлігімізді тату ететін фактор екені сөзсіз» – деп облыстық комиссияның жұмысын тілге тиек етті.

    Сонымен қатар, шара барысында 2018 жылы жұмысын бастаған музей ұжымы түрлі тарихи экспонаттарды қонақтар назарына ұсынды. Сондай-ақ, «1928: Мүлікті тәркілеу тарихынан – Балқаш ауданы» және «Алатау өңірі: Алаш қайраткерлері» атты кітаптарының презентациясы өтті.

    Репрессия құрабандарын ақтау бойынша арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның мүшесі, профессор Мәмбет Қойгелдиев: «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен бүгінгі күні құрбандарды ақтау бойынша үлкен жұмыс жасалынып жатыр. Атап айтсақ, қазір 12 томдық құжаттар жинағы дайын болды. Бұл өте ауқымды жұмыс. Қазақтың 20-ғасырдағы қасіретін тарих бетінде айқын қалдырамыз» – деп қазіргі таңдағы атқарылып жатқан істер жайлы мәлімдеді.

    Алматы облысының аумағында 250 мың адам саяси репрессияның құрбаны болып, 15 мың адам ату жазасына кесілген. Жазықсыз жазаланған адамдардың көпшілігі Жаңалық ауылында, Қандысайда жерленген.

    Ұсынымдар

    Ислам және исламофобия: қиындықтар мен мүмкіндіктер

    Ислам және исламофобия: қиындықтар мен мүмкіндіктер

    1 year ago
    Келешегі зор кәсіпкерлік

    Келешегі зор кәсіпкерлік

    1 year ago
    Алмат Исәділ

    Ақын – елдің ардағы

    7 months ago
    Ауыл жұрты алаңдаулы

    Ауыл жұрты алаңдаулы

    3 months ago
    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Мемлекеттік тіл – ұлт өзегі

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.