-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Премьер-министр: Әуежай айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылып отыр

    30.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Премьер-министр: Әуежай айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылып отыр
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде әуежайлардың айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылып жатқанын айтып, жауапты органдарды сынға алды.

    «Әуежайлардың айналасындағы жерлер тұрғын үй құрылысына немесе бизнес нысандарына беріліп, ретсіз пайдаланылуда. Яғни, халықаралық стандарттар сақталмайды. Бұл ұшу қауіпсіздігіне әсер етеді», – деп мәлім етті Үкімет басшысы.

    Сонымен қатар, Әлихан Смайылов авиакеросин тапшылығына қатысты мәселеге ерекше тоқталды.

    «Біз Үкіметте авиакеросин өндірісін ұлғайту мәселесін бірнеше рет талқыладық. Отандық жанармай қорының жеткілікті болуы Қазақстан арқылы транзитпен өтетін халықаралық авиакомпанияларды тартудың негізгі факторларының бірі саналады. Біз әуе көлігі арқылы жүк тасымалын ұлғайтуға, ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүдделі болуымыз керек», – деді Әлихан Смайылов.

    Сондай-ақ Премьер-Министр жолаушылардың отандық әуе компанияларына қатысты рейстердің кешігуі немесе мүлдем ұшпай қалуы сияқты орынды сын-ескертулерді көп айтатынын атап өтті.

    «Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында Fly Arystan компаниясы Қостанай әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуы тиіс рейстердің жартысына жуығын орындаған жоқ. 25 ақпанда дәл осы авиакомпанияның жолаушылары «Астана-Шымкент» рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында, ол рейс мүлдем орындалмай қалды. Өкінішке қарай, авиакомпанияларда жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    2 years ago
    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады

    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады

    2 years ago
    Жастар орталығы бой көтеруде

    Жастар орталығы бой көтеруде

    10 months ago
    3.	Намыс пен төзімділіктің символы: «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

    3. Намыс пен төзімділіктің символы: «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

    3 days ago
    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>