-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұраты асқақ Мұздыман

    19.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Мұраты асқақ Мұздыман

    Фото: 1bol.kz

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген қазақстандық спортшы Балауса Мұздыман халықаралық аренада беделін арттырып келеді. Offside.kz мәліметінше, ол Астанада өткен жекпе-жектен кейін BoxRec рейтингінде бірден бес сатыға көтеріліп, жеңіл салмақтағы әлемнің үздік он боксшысының қатарына енді.

    Сәуірдің 5-інде Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз  филиппиндік Мария Тереза Пинилимен жекпе-жекке шыққан еді. Сегіз раундқа созылған кездесуде Мұздыман қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, отандасымыз өзінің жеңіліссіз сериясын жалғастырып, рекордын 7 жеңіске (оның 5-і  –  нокаутпен) жеткізді. Аталған жекпе-жектен кейін Мұздыман BoxRec рейтингінде 14-орыннан 9-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық мансабындағы үлкен жетістік әрі халықаралық рейтингте отандастарымыздың беделін арттыруға жасалған нақты қадам.

    Айта кетейік, Балауса Мұздыман кәсіпқой рингте алғаш рет 2017 жылы өнер көрсеткен болатын. Алайда содан кейін ол алты жыл бойы спорттан қол үзіп қалды. Тек 2023 жылдың наурыз айынан бастап қайта рингке оралып, бір жылдың ішінде 7 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның барлығында жеңіске жетіп, көрермендер мен мамандардың назарына ілікті.

    «Мен қазақстандық және әлемдік бокс тарихына үлес қосуды жалғастыру үшін одан да көп атақтарға ие болуды және ең мықты қарсыластармен жұдырықтасуды армандаймын. Жақын арада Париждегі Олимпиадаға қатысамын деп үміттенемін. Тіпті, болмай жатса, мансабым және алға қойған өз мақсаттарым бар, оларға менеджеріммен және жаттықтырушыммен бірге нақты стратегия бойынша жүріп келеміз. Әйелдер боксы – бұл тек спорт қана емес, сонымен қатар әйелдердің күші мен өзіне деген сенімділігінің символы. Көбінесе әйелдер ер адамдарға қарағанда бірнеше есе мықтырақ соққы жасайды, өйткені бізде басқа психология бар. Әйгілі боксшы әйелдерді атап өтуге болады: Лейла Али, Наталья Рогозина және Кристи Мартин. Өз уақытында олар рингте қандай тамаша өнер көрсеткен! Олар біздің осы салада табысты бола алатынымызды дәлелдеді және мен олардың жолын жалғастыра алатын мүмкіндікке ие болғанымды мақтан тұтамын», – деген еді еліміздегі сайттардың біріне берген сұхбатында.

    Балауса Мұздыман 1997 жылғы 23 маусымда  Іле  ауданындағы Ақши ауылында  дүниеге келген.  Ол 13 жастан бастап бокспен айналысқан. 2015 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген жерлесіміз 2024 жылы WBA Asia  белдігіне ие болды. Жас та жалында қазақ аруының әлем биігін бағындыруға әлеуеті жетері анық.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Тәртіптік іс қаралды

    Тәртіптік іс қаралды

    6 months ago
    Волейбол бәсекесі

    Волейбол бәсекесі

    5 months ago
    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    7 months ago
    Ұлттық басылым күні белгіленді

    Ұлттық басылым күні белгіленді

    2 years ago
    Самокат жүргізушілерінің жауапкершілігі артады

    Самокат жүргізушілерінің жауапкершілігі артады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.