-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды

    02.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Саясат
    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Облыстық дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» «АИК» – «Аналитикалық интернет карта» бағдарламасы арқылы интернет кеңістігінде талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дін істері басқармасының діни ахуалды талдау, ақпараттық-насихаттау және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Ерлан Матаев өңірлік коммуникациялар алаңында хабарлады.

    – Мониторинг жұмыстары аясында облыс аумағында әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына қызығушылық танытқан тұтынушыларды анықтауға ерекше назар аударылуда. Осы орайда деструктивті діни идеологияны насихаттайтын ақпараттар жариялаған 40-қа жуық азамат анықталып, жуырда облыс аумағындағы 1 азаматқа (Жамбыл ауданы) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды, – деді өз баяндамасында Ерлан Матаев.

    Мамандардың айтуынша, адамдарды арбаудың ғаламторлық әдісі қалыптасқан жүйе негізінде жүзеге асады. Алдымен ислам тарихы, ата-анаға құрмет сынды ғибратты әнгімелермен аудиторияны баурайды, келесі кезеңде дінді саясиландырады, яғни, билікті табалап, заңды қаралап, айналасына өшпенділік оятады. Шариғатқа қарсы деген желеумен дәстүрді даттап, ұлттық болмысымызды құнсыздандыруға тырысады. Салдарынан адам отбасынан ажырап, ортасынан алыстайды.

    Облыс аумағында деструктивті діни контенттерге тіркелген азаматтар саны «Инстаграм» әлеуметтік желісінде 13158 адамға жекен. Сондай-ақ, 854 бірлестік топ, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде 438 қолданушы, 204 топ бар. Теріс бағыттағы діни контенттерге тіркелген азаматтардың басым бөлігі Талғар, Қаскелең, Қонаев қаласынан екені анықталған. Жыл басынан бастап деструктивті діни контенттерге тіркелген облыс азаматтарына ескерту ретінде 1800 хабарлама жіберілді. Олардың ішінде 316 адаммен кері байланыс орнатылып, деструктивті топтардан шығарылған.

    Баян МҰРАТБЕКҚЫЗЫ,
    Қонаев қаласы

    Tags: деструктивті діни ағымдіни топтар

    Ұсынымдар

    Ардагерлерге тағзым етті

    Ардагерлерге тағзым етті

    1 year ago
    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    9 months ago
    Әкенің қас-қабағы

    Әкенің қас-қабағы

    4 months ago
    Тама бабаға тағзым

    Тама бабаға тағзым

    1 month ago
    Қаракемерден шыққан қос батыр

    Қаракемерден шыққан қос батыр

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>