Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

10 қаралым

20 маусымда Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Палаталардың бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде.