Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 285,5 мың гектар жайылымдық жер анықталды.
Ерікті түрде мемлекет меншігіне 48,3 мың гектар жер қайтарылған.
Атап айтар болсақ, Балқаш ауданында – 5395,5 га, Еңбекшіқазақ ауданында – 4683, 0 га, Жамбыл ауданында – 8738,9 га, Қарасай ауданында – 1470,9 га, Кеген ауданында – 6056,5 га, Іле ауданы бойынша – 854,15 га, Райымбек ауданында – 5085,2 га, Талғар ауданында – 10,3 га, Ұйғыр ауданында – 12235,0 га, Қонаев қаласында – 3782,7 гектар жер мемлекет меншігіне өтті.
Айта кетейік, биыл елімізде мемлекет меншігіне пайдаланылмаған 1,8 млн гектар жер қайтарылған. Жыл соңына дейін олардың саны 5 млн гектарға жетеді деп жоспарланып отыр.