-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алмастыруға келмейтін асыл тағам

    02.08.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Денсаулық
    Алмастыруға келмейтін асыл тағам

    Фото: ernur.kz

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баланы ана сүтімен емізудің маңызы айтылып, артықшылықтары тілге тиек етілді. Нәрестелерге ең жақсы тамақ ана сүті екені анық. Әсіресе жаңа туған сәби үшін алғашқы алты айда ана сүтімен қоректену ауадай қажет. Брифинг спикері Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының балалар дәрігері Мақпал Қамбарбекова бала емізу денсаулыққа өте пайдалы және ешнәрсемен алмастыруға келмейтіндігін жеткізді.

    Құрамында май қышқылдары, кейбір сүт ақуыздары жеңіл сіңірілетін темір бар ана сүті нәрестенің ішектерінің бейімделуі мен дамуына ерекше мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ түрлі микробтар мен жұқпалы инфекциялардан қорғайды. Өнеркәсіп өндірісінде табылмайтын иммундық, биологиялық белсенді заттар ана сүтінің айрықша екенін талай дәлелдеген. Қазіргі уақытта балаларға арналған тағам қоспаларының да саны көп, сапасы әр түрлі. Кейбір аналар омырауынан сүт шықпауына, сәбиін жиі емізіп отыру мүмкіндігі жоқтығына байланысты сәбилерді арнайы сүт алмастырғыштармен тамақтандыруда. Осы орайда Мақпал Қамбарбекова өз сөзінде:

    – Ана сүтімен қоректенген баланың ең алдымен анасымен арасында тығыз қарым-қатынас орнап, организміне қажетті түрлі нәрлі заттарды, микроэлементтерді, дәрумендерді, ферменттерді алады. Ана сүті нәрестелердің асқазан, ішек жолдарын реттеп қана қоймай, иммунитет қорғанысын қалыптастырады. Ал, ана сүтін аз тұтынған нәрестелер жиі ауырып, іш өту, құлақ қабынуы сынды сырқаттарға душар болып, бактериялардан қорғану ықтималдығы төмендейді, – деді.

    Дәрігерлер өмірге келген сәттен анасының омырауынан тамақтанатын сәбилердің денсаулығында ешбір ақау табылмай, мезгілсіз шетінеу қаупінің де төмен болатынын айтады. Нәрестені емізудің ана денсаулығы үшін де пайдалы тұстары жетерлік. Бала туғаннан кейін емізуді ерте бастау жатырдың тартылуына ықпал етіп, босанғаннан кейінгі қан кетуді азайтады, сол арқылы ана өлімін төмендетеді екен. Қаназдықтың алдын ала отырып, климактерия кезеңі алдында кеуде және аналық без обыры қаупін азайтады.

    Жалпы ана сүтінің пайдасы көл-көсір, бала болашағына тиімділігі мол. Ана сүтін еміп өскен бала түрлі аурудан ада болып, келешекте де денесін дерт дендей алмайтындай дара болатыны сөзсіз. Одан бөлек түрлі тағам түрлерін, сүт алмастырғыштарды тұтынбай өскен жеткіншек бойында өзгеше батылдық пен батырлық қалыптасары анық. Көптеген аналар омырауынан баланы қоректендіруге жеткілікті сүт шықпағандықтан кейбір алмастырғыштармен тамақтандыруға мәжбүр. Осы орайда дәрігер ана болуға дайындалу кезеңінде әр әйел денсаулығына аса мән беріп, психологиялық тұрғыда жақсы көңіл-күйде болғаны жөн екенін айтып өтті. Облыс бойынша биылғы жылдың 6 айында 15393 сәби дүниеге келсе, Қонаев қаласында 720 нәресте дүние есігін ашқан.

    Құралбек Сәбитов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Гүлденсе ауыл…

    Гүлденсе ауыл…

    7 months ago
    Жайылымды жайлаған қара құрт

    Жайылымды жайлаған қара құрт

    1 year ago
    Еңбекшіқазақ ауданында биыл 2 мектеп ашылмақ

    Еңбекшіқазақ ауданында биыл 2 мектеп ашылмақ

    2 years ago
    Биік меже, айқын мақсат

    Биік меже, айқын мақсат

    1 year ago
    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    Мәжіліс МӘМС жүйесін өзгертетін заң жобасын мақұлдады

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.