Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 285,5 мың гектар жайылымдық жер анықталды.
Ерікті түрде мемлекет меншігіне 48,3 мың гектар жер қайтарылған.
Атап айтар болсақ, Балқаш ауданында — 5395,5 га, Еңбекшіқазақ ауданында — 4683, 0 га, Жамбыл ауданында — 8738,9 га, Қарасай ауданында — 1470,9 га, Кеген ауданында – 6056,5 га, Іле ауданы бойынша — 854,15 га, Райымбек ауданында — 5085,2 га, Талғар ауданында — 10,3 га, Ұйғыр ауданында — 12235,0 га, Қонаев қаласында — 3782,7 гектар жер мемлекет меншігіне өтті.
Айта кетейік, биыл елімізде мемлекет меншігіне пайдаланылмаған 1,8 млн гектар жер қайтарылған. Жыл соңына дейін олардың саны 5 млн гектарға жетеді деп жоспарланып отыр.
