-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Kazind Medical Group» компаниясы Алматы облысында медициналық университет салуға ниетті

    04.08.2023
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    «Kazind Medical Group» компаниясы Алматы облысында медициналық университет салуға ниетті

    фото: Аслан Қажеке

    0
    SHARES
    85
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Kazind Medical Group» компаниясының өкілдерін қабылдады. Кәсіпкерлер Алматы облысының аумағында медициналық университет салуға ниеттеніп отыр. Компания өкілдері облыс әкіміне осы бағыттағы ауқымды жобаны ұсынды. Олардың айтуынша, университет жанында емхана, аурухана, ғылыми-зерттеу орталығы, мектеп, балабақша, қонақ үй де салынады.

    Аталған жоба бойынша олар аумақты эко-аймақ ретінде дамытуды жоспарлап отыр. Университетте сабақ беретін оқытушылар Ұлыбритания немесе Малайзиядан келеді. Сабақ берумен қатар олар ауруханада да қызмет етеді.

    Англиялық серіктестікпен бірлесе отырып, барлық нысандарды «Самсунг» компаниясының техникасымен жабдықтау жағы да қарастырылуда. Сондай-ақ, ол нысанның жалпы аумағы 75 гектар болатынын атап өтті. Ал жобаға құйылатын инвестиция көлемі – 552 млн АҚШ долларын құрамақ. Қаржыландыру 100 пайыз инвестор тарапынан болады.

    «Бұған дейін Бельгия, Шри-Ланка, Бангладеште оқу ошағын салғанбыз. Қазақстандағы ЖОО-ны Талғар немесе Іле ауданында салуға ниеттеніп отырмыз», – деді серіктестік маманы.

    Облыс әкімі өз кезегінде, болашақта Қонаев қаласы кеңейіп, «Жаңа Іле» аумағында жаңа шаһар бой көтеретінін, сондықтан ЖОО-ны облыс орталығында салу тиімді екенін айтты.

    «Талғар, Іле аудандарында мемлекет меншігіндегі жер көлемі аз. Жақында ғана Қонаев қаласының Бас жоспары бекітілді. Оған сәйкес, бұл аумақта медициналық кластерді дамытуды жоспарлап отырмыз. Алдағы жылдан бастап инженерлік желілер тартылады. Сол үшін бізге ЖОО-ны Қонаевта салған тиімдірек. Басқа аудандардан жер қарастырамыз десеңіздер, процесс ұзаққа созылуы мүмкін», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Өңір басшысы сөз орайы келген тұста облыста ЖОО-ға сұраныс бар екенін де атап өтті. Оның дәлелі – Қарасай ауданындағы Сүлеймен Демирел атындағы университет. Бұл оқу ордасына түсуге Алматыдан, басқа қалалардан келіп жатқан абитуриенттер саны жыл санап артып келеді.

    Міне, осы сияқты екі жаққа да тиімді жайттарды саралай келіп, қос тарап ЖОО салатын аумақты анықтап, содан кейін мәселенің өзге де жақтарын талқылауға ойысты.

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    Темір жол машиналарын жасау саласында екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

    Темір жол машиналарын жасау саласында екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

    4 months ago
    Аэромобиль қатынайды

    Аэромобиль қатынайды

    4 months ago
    АИТВ инфекциясына шалдыққандар арасында балалар да бар

    АИТВ инфекциясына шалдыққандар арасында балалар да бар

    1 year ago
    Отансүйгіштік рухты көтеретін атаулы күн

    Отансүйгіштік рухты көтеретін атаулы күн

    2 years ago
    Казахстан – генератор идеи ШОС

    Татулық – біздің басты бағдарымыз

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.