Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, өткен аптада Президент Жарлығымен Президент Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірқатар лауазым иесі, оның ішінде Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді.