Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Есірткіге қарсы күрес – болашақты қорғау

Есірткіге қарсы күрес – болашақты қорғау

8 қаралым

Есірткі қылмысы – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін күрделі мәселе. Оның зардабы адамның денсаулығына зиян келтірумен шектелмей, отбасылық қарым-қатынасқа, әлеуметтік ортаға және жастардың болашағына кері ықпал етеді.

Әсіресе интернет арқылы есірткі заттарын тарату, жасырын жарнамалау және заңсыз саудаға жастарды тарту әрекеттері алаңдаушылық туғызады. Кейбір азаматтар оңай ақша табу мақсатында заңсыз ұсыныстарға келісіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескере бермейді.

Есірткі қылмысының алдын алу үшін жасөспірімдер мен жастар арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Мектептер мен оқу орындарында мамандардың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік жасау маңызды.

Есірткіге қарсы күрес тек полицияның жұмысы емес. Ата-ана, ұстаз және қоғам болып бірлескенде ғана бұл бағыттағы нәтижелі жұмысты күшейтуге болады. Жастарды зиянды әдеттен қорғау – елдің ертеңіне жасалған қамқорлық.

Ерзат Асыл

↑