Қоғамдық орындарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ана мен жауапты мекемелердің ортақ міндеті. Әсіресе мектеп маңы, ойын алаңдары, саябақтар мен адам көп жиналатын орындарда балаларға ерекше назар аудару қажет.
Кейде үлкендердің бір сәттік немқұрайлылығы баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Баланы қараусыз қалдыру, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болуға үйретпеу немесе жол қозғалысы ережелерін түсіндірмеу түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі ықтимал.
Сондықтан қауіпсіздік мәдениетін бала кезден қалыптастыру маңызды. Ата-аналар балаларына төтенше жағдайда кімге хабарласу керектігін, бейтаныс адамдардан қандай жағдайда сақтану қажеттігін және көшеде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіруі тиіс.
Құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының бірлескен профилактикалық жұмыстары да балалардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталуы қажет.
Бала өзін қауіпсіз сезінетін орта қалыптастыру – үлкендердің басты жауапкершілігі.
Ерзат Асыл

