⛅
16°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Отансүйгіштік рухты көтеретін атаулы күн

    19.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Саясат, Социум, Спорт
    Отансүйгіштік рухты көтеретін атаулы күн
    0
    SHARES
    28
    VIEWS

    Бес күннен кейін елімізде ұлттық мереке – Республика күні тойланады. Бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше. Қазақ елінің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіз мемлекет атануының өзі 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Егемендік туралы декларациясынан бастау алады. Азаттықтың алғашқы жылдары бұл күн жыл сайын ұлттық мейрам ретінде атап өтілді. Алайда жылдар өте келе ол дәрежесінен айырылып, мемлекеттік мереке деп белгіленетін болды. Ал бұдан он төрт жыл бұрын мерекелер қатарынан мүлде шығып қалды.

    Енді міне, өткен жылдан бастап қайта тойлана бастады және қазір ол ұлттық мереке ретінде бүкіл еліміз тойлайтын жалғыз мейрам. Бұл күні Қазақстанның барлық мемлекеттік ұйымдары мен жоғары және орта арнайы оқу орындарында, мектептер мен басқа да мекемелерде осы мерекеге орай әртүрлі іс-шаралар, спорт сайыстары, концерттік бағдарламалар өтеді. Бұл шаралардың ел тұрғындарын, әсіресе жастарды отаншылдық рухында тәрбиелеу тұрғысынан маңызы өте зор. Сондай-ақ, бұл күні әр ауыл, аудан, облыс болсын, жеткен жетістіктерін саралап, алдағы атқарылатын істерін де бір бағамдап алатыны да ақиқат. Осы тұрғыда ерекше көзге түскен еңбек адамдары, кәсіпкерлер, спортшылар, өнер адамдарының есімдері аталып, мемлекеттік және жеке азаматтар тарапынан белгіленген сый-сыяпаттармен марапатталып жатады. Бұл олардың әрқайсысында өзі істеген игі істері үшін мақтаныш сезімдерін оятып, жаңа бастамаларға түрткі болады. Ал қанша қиын десек те қол жеткізіп жатқан жетістіктеріміз аз емес, келешекте бұдан да ұлғаятыны сөзсіз. Оған әсіресе спортшыларымыздың қосар үлесі мол екені ақиқат.

    Мен бүкіл халқымызды Республика күні меркесімен құттықтап, әр шаңыраққа береке-бірлік, баянды бақыт тілеймін! Еліміз жан-жақты дамып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың әлем елдері арасындағы абырой-беделі арта берсін!

    Матан Бекбосынов,
    Спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы,
    Талғар ауданының құрметті азаматы

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті 
    21.03.2026
    Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
    21.03.2026
    Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
    21.03.2026
    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>