Перейти к содержимому
Главная страница » БОЛАШАҚҚА БАСТАР СЕНІМДІ ҚАДАМ

БОЛАШАҚҚА БАСТАР СЕНІМДІ ҚАДАМ

Еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі – сапалы білім мен білікті ұрпақ. Мемлекет басшысы білім саласын дамыту ел болашағына салынған инвестиция екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Шынында да, бүгінгі мектеп қабырғасындағы оқушылар – ертеңгі инженерлер, дәрігерлер, ұстаздар, кәсіпкерлер мен ел басқарушы азаматтар. Сондықтан олардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына жағдай жасау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан мемлекет тарапынан білім беру саласын жаңғыртуға, оқушылар үшін қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Келешек мектебі» жобасы. Бұл жоба аясында білім беру ұйымдары тек оқу орны ретінде ғана емес, балалардың зияткерлік, мәдени және рухани дамуына ықпал ететін орталыққа айналуда

«Келешек мектебі» – бұл жай ғана жаңа ғимарат емес, ол оқушылардың жан-жақты дамуына арналған заманауи білім беру кеңістігі. Мұнда оқушылар білім алып қана қоймай, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысып, өз қабілеттерін шыңдай алады. Слонымен бірге сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына, ғылыми ізденістермен айналысуына және спортпен шұғылдануына барлық қажетті жағдай қарастырылған. Уақыт талабына сай жабдықталған оқу кабинеттері, интерактивті құрылғылар, зертханалар, кітапханалар мен цифрлық технологиялар білім беру процесінің тиімділігін арттырып, оқушылардың заманауи дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектептерде қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып, балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасалады.

Алатау қаласының қарқынды дамуы тұрғындар санының артуына және әлеуметтік инфрақұрылымға деген сұраныстың өсуіне ықпал етуде. Осыған байланысты жаңа мектептердің салынуы өңірдегі білім беру сапасын арттырып қана қоймай, үшауысымды оқыту мәселесін шешуге және оқушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осындай заманауи білім ордаларының ашылуы Алатау қаласының әлеуметтік дамуына серпін беріп, өңірдің келешегіне берік негіз қалайды.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.  «Келешек мектебі» – сол болашаққа бастар сенімді қадам.

Гүлжайна МҰСАЕВА,

№6 орта мектеп директоры

Алатау қаласы