Перейти к содержимому
Главная страница » ТАЗАЛЫҚ ӘРКІМНЕН БАСТАЛАДЫ

ТАЗАЛЫҚ ӘРКІМНЕН БАСТАЛАДЫ

Жаз мезгіліндегі аптап күндері ағаштардың саясы мен жасыл желектің қадірі ерекше сезіледі. Күйіп тұрған күннің астында жүргеннен гөрі, саялы ағаштардың көлеңкесінде серуендеп, демалған әлдеқайда жайлы. Сондықтан елдімекендерді көгалдандыру – тек көріктендіру емес, бүгінгі күннің маңызды қажеттілігі.

Әрбір отырғызылған ағаш ауаны тазартып, қоршаған ортаның температурасын төмендетуге және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Алайда ағаш отырғызумен ғана шектелуге болмайды. Бар жасыл желекті күтіп-баптау, уақытылы суару және қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қоршаған ортаның тазалығына да ерекше мән беру қажет. Тұрмыстық қалдықтарды ретсіз тастау жағымсыз иістің пайда болуына, түрлі инфекциялардың таралуына және қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Қоқысты дұрыс жинап, белгіленген орындарға тастау – әр азаматтың жауапкершілігі.

«Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында ағаш отырғызып, жасыл желекті қорғап, тазалық сақтайық. Қалдықтарды дұрыс кәдеге жаратайық. Таза, жасыл және жайлы Қазақстан  әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталады.

Мария ТКАЧЕНКО,

Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы