-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Все новости Спорт

    Егіз қыздар ерледі

    28.10.2023
    in Спорт
    Егіз қыздар ерледі

    Фото: bassport.kz

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Спортты жанына серік еткен Жәмилә мен Мәдина Бақбергеновалар әйелдер күресінен әлемдік жарыстарда топ жарып жүр. Қазақстанның көк туын биіктерден желбіреткен егіз қыз Жамбыл ауданында туып-өскен.

    Егіздер 1996 жылғы 6 қаңтарда осы аудандағы Қызыләскер ауылында дүниеге келген. Әкелері Науқаннұр Бақбергенұлы да кезінде белді спортшы болған, футболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы. Спортшы отбасында өскен қос бүлдіршін аудандық спорт мектебінде шынығып, одан әрі шеберлік шыңдау үшін Алматыдағы Республикалық Дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында тәлім алады. Сонда оқып жүргенде көптеген жарыстарға қатысып, жасөспірімдер арасындағы ел біріншіліктерінде жүлдегер атанады. Әлемдік деңгейдегі жарыстарда да үздік өнер көрсетіп, еліміздің мерейін асқақтатты. Жәмилә мен Мәдинаға 2012 жылы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2014 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілген.

    Биылғы көктемде Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенованың жұлдызы тағы жанды. Сары құрлықтың 24 елінен 400 балуан қатысқан дүбірлі додада Жәмила топ жарып, қазақ қыздары арасынан алғашқы болып үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте жапондық Сумире Никураны 5:1 есебімен ұтты. Осылайша сары құрлық бəсекесінің 3 мəрте жеңімпазы атанған еді.

    Одан кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанды. Сөйтіп отандасымыздың қанжығасына Азия чемпионатының 6 медалі байланса, оның 3-уі алтын, қалған екеуі күміс және біреуі қола. Қытайдағы байрақты бәсекеде ол 76 келі салмаққа көтерілген болатын. Алдағы уақытта осы Олимпиадалық салмақта күресетін болады. Ол былтыр Моңғолияда, оның алдында Үндістанда талай мықты балуанмен белдесіп, топ жарған. Осы жыл да ол үшін жарқын жеңістерге толы болды.

    Егіздер күреспен 14 жастан бастап айналысады. Жәмиләнің өмір есігін қатар ашқан сыңары Мәдинә да осы спорт түрінен айтарлықтай биіктерді бағындырып келеді. Екеуі бірге жаттығады, бір-бірін үнемі қолдайды. Ол да былтыр Моңғолияда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, ел мерейін асырған еді. Мәдина осы жылы жарақатына байланысты жарыстарға қатыса алмады. Бұйыртса, емделіп біткен соң, бозкілемге қайта шығады.

    Жәмилә мен Мәдинаға алдағы уақытта да еліміздің көк байрағын әлемдік жарыстарда желбірете беруін тілейміз!

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

    Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

    1 year ago
    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    2 years ago

    Тазалық – тәрбиеден!

    10 months ago
    Мемлекет меншігіне қайтарылды

    Қонаевта 4000 га жуық жер мемлекетке қайтарылды

    1 year ago
    Талғардың тарихы терең

    Талғардың тарихы терең

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.