-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Газ қауіпсіздігі қатаң бақылауда

    01.11.2023
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Төтенше жағдай, Энергетика
    Газ қауіпсіздігі қатаң бақылауда
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменті басшысының орынбасары Қанат Есболғанов мәлімдеді.
    Қазіргі таңда аймақта тұтынушыларды табиғи газ желілеріне қосатын 13 газ тарату ұйымы жұмыс істейді. Атап айтсақ, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша тиесілі 8 газ желісі және 4 газ толтыру пункті бар.

    Қанат Есболғановтың айтуынша, 2 қабаттан биік үйлердің пәтерлеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, автогаз құю станцияларында көлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға болмайды.

    «Тұрмыста қолднылатын газ баллондары көптеген үйлер мен кәсіпорындар үшін маңызды және ыңғайлы энергия көзі болып саналады. Алайда, сығылған газ цилиндрлерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік өте маңызды. Газ баллондарын дұрыс пайдаланбау және сақтау ауыр апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін», – деді Қанат Есболғанов.

    Өнеркәсіптегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі осы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының аудандық бөлімдерімен бірлесіп әлеуметтік нысандарға тексерулер жүргізеді.

    Биыл аймақта тұрмысқа арналған баллондарды дұрыс қолданбау салдарынан 6 төтенше жағдай болып, 14 адам зардап шекті.
    Айта кету керек, қазіргі кезде облыс бойынша департаменттің бақылауында 4 магистральдық газ құбыры бар.

    Alatau News

    Ұсынымдар

    Жастар таңдау жасады

    Жастар таңдау жасады

    9 months ago
    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    2 years ago
    Өмірі еңбекпен өрілген

    Өмірі еңбекпен өрілген

    4 months ago
    Аспантаудан Анадолыға жол

    Аспантаудан Анадолыға жол

    1 year ago
    Алдағы дамудың негізгі бағдары айқындалған

    Президенттің БАҚ саласындағы марапаттарына өтінім қабылдау басталды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>