Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев іссапармен Еңбекшіқазақ ауданына келіп, жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, өңірдің әлеуметтік және экономикалық жағдайымен танысты. Аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Алтай Досымбаевтың биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайындағы баяндамасын тыңдап, өңір тұрғындарымен бірге өзекті мәселелерді саралады. Сондай-ақ, сапар аясында бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Еңбекшіқазақ ауданының əкімі Алтай Досымбаев құрметті қонақтарға ауданды кеңінен таныстырды. Алдымен аймақ басшысы Балтабай ауылына ат басын бұрып, Нұрлан Сақаулов басқарып отырған «Будан» ЖШС-нің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. «Будан» жауапкершелігі шектеулі серіктестігі – жүгері жəне майбұршақ өсіретін арнайы мамандандырылған кəсіпорын. Сондай-ақ, еліміздегі элиталық тұқым шаруашылығы статусын иеленген ірі шаруашылық саналады. Кəсіпорын бүгінде тұқымды жүгері сатуда Қазақстан нарығының 60 пайызын иеленіп отыр. Шаруашылықта қазір 120 адам тұрақты жұмыс істейді, орташа жалақысы – 150 мың теңге, науқан кезінде жұмысшылар саны 250 адамға жетеді. 120-дан астам арнайы ауылшаруашылық техникасы бар. Сонымен қоса, шаруашылық заманауи техника жəне ауылшаруашылық машиналарымен қамта ма сыз етілген. Аталған құрылым тың материалдық-техникалық базасы мен минералды тыңайтқыштар жəне пестицидтерді пайдаланудың ғылыми нормаларына сəйкестендірілген ауылшаруашылықтың үдемелі технологиясына ие.
Келесі қадамда аймақ басшысы ұста Дəркембай атындағы қолөнер музейіне атбасын бұрды. Бүгінде аталған музей Қазақстан халықтарының қолөнер шығармашылығы ескерткіштерін, əлем халықтары мен əртүрлі елдердің қолөнер, бейнелеу, декоративті жəне қолданбалы өнер шығармаларын анықтау, жинақтау, қорғау, сақтау, зерделеу жəне насихаттаумен айналысып келеді. Мұражай меңгерушісі Дəулет Шоқпаровтың сөзінше, мұражайда 2400-ден аса жəдігер бар. Басым бөлігі ұстаның қолынан шыққан ерекше туындылар. Оған қоса, онда шебердің өзі қолданған ескі құрал-жабдықтары да бар екен.
Облыс басшысы өңіріміздегі ауылшаруашылық өндірісін де назардан тыс қалдырмады. Сапар аясында «Arba wine» ЖШС мен «Unifruit Production» ЖШС-іне тиесілі шпалер зауытының нақты өндіріс қуатымен танысты. Облыс əкімі ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кəсіпорындар мен шаруа қожалықтарының еңбек өнімділігі жəне өндіріс көлемін ұлғайту жайындағы пайымдарын тыңдап, олардың қарқынды дамуына қажетті қолдау жасалатынын жеткізді. Сапар барысында облыс əкімі округ əкімдерімен жиналыс өткізді. Жиында облыс басшысы аудандағы елдімекен тұрғындарының назарындағы бірқатар мəселелерді сөз етті. Айталық, округтердегі ішкі жолдардың бүлінуінің алдын алу, саяжайларға жаңа мəртебе беру үшін дайындық жұмыстарын үйлестіру, бюджет қаражаттарын сауатты жұмсау сынды түйткілдер басты назарға алынды. Жиын барысында облыс басшысы ауыл əкімдеріне тұрғындар көтерген мəселелерді негізге алып, жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.
Т.Молдағалиев атындағы Мəдениет үйіндегі облыс əкімінің өңір тұрғындарымын кездесуі, ең əуелі аудан əкімі Алтай Досымбаевтың баяндамасымен басталды. Аталған баяндамада Алтай Машикұлы биылғы жылдың 9 айында аудан көлемінде атқарылған істерге тоқталып, Еңбекшіқазақ ауданының əлеуметтік жəне экономикалық дамуындағы оң өзгерістерді сөз етті. Аталған кезең ішінде 89 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. 86,3 мың гектар алқапқа дəнді дақыл себіліп, жиын-терін ойдағыдай жүріп жатыр.
– Халықтың жұмыспен қамтылған ең ірі секторы ауыл шаруашылығы болып табылады. 10 мыңға жуық шаруа қожалығы, 413 ауыл шаруашылығы құрылымдары жəне 54 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары бар. Кəсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, бизнеске жан-жақты қолдау көрсету нəтижесінде 9 айда 204 заңды жəне 1356 жеке кəсіпкерлер тіркеуге тұрып, жаңа нысандар іске қосылып, салық базасы нығайтылуда, түскен салық көлемі 28,5 млрд теңгені құрады.
Аудандағы өзекті мəселелердің бірі – мал жаюға арналған жайылым жерлерді қайтару, осы мақсатта мониторингтік топ құрылып, нəтижесінде: 249 субъектінің пайдаланылмай жатқан 112,2 мың га жері анықталды, оның ішінде 18 субъектінің 20,4 мың га (18,2%) жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Халықтың малын жаю мұқтаждығын қанағаттандыру үшін барлығы 155,7 мың га жайылым жер ауылдық округтерге бекітіліп берілді, – деді Алтай Машикұлы. Сонымен қатар, аудан əкімінің баяндамасында білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауызсу, құрылыс, туризмнің дамуы жəне сол салалардағы шешімін күткен мəселелер де баяндалды. Бүгінгі таңда аудандағы 87 мектепте 56 мыңға жуық оқушы білім алуда. Өңірде халық тығыз орналасқандықтан ш ауысыммен оқуды жою мүмкін болмай отыр. Аудан тұрғындары білім беру саласы бойынша 53 өзекті мəселені көтерген. Оның ішінде: 25 мəселе жаңа мектеп құрылысы, 3 мектепке қосымша жапсаржай (акт-спортзал, асхана) жəне 23 мектепке кұрделі жөндеу қажет.
3 мектепке күрделі жөндеу қажет. Баяндама кезегінде аудан əкімі аудан тұрғындарын мазалаған сауалдарды да облыс басшысының назары на ұсынды. Халықпен кездесу кезінде 255 мəселе көтерілді. Оның 31-і орындалса, 127-сі орындалу сатысында, 97-сі əлі өз шешімін күтуде.
Бұдан кейін аудан тұрғындарының талап-тілегіне сай сұрақ-жауапқа кезек берілді. Аудан жұртшылығы өзін толғандырған мəселелерді ортаға салды. Олар Тескенсу, Көктөбе, Ақши ауылдарында Мəдениет үйі бой көтерсе, Амангелді жəне Ж.Қайыпов елдімекенінде амбулатория құрылысы салынса деген өтініштерін жеткізді. Ал түргендіктер облыстық маңызы бар жолдың жағалауына жарық шамдар орнатылып, тротуар салу, қоқыс мəселесін шешу қажеттілігін жеткізді. Сонымен қоса, Есік қаласы мен бірқатар ауылдарды көгілдір отынмен қамдау жұмысы да ақсап тұрғаны облыс əкіміне жетті. Зиялы қауым өкілдері жаңа кітапхана салуды аймақ басшысының назарына ұсынды. Сол сияқты, кездесуде 20-ға жуық тұрғынның 40- тан астам сұрағы назарға алынды. Тұрғындардың талап-тілегіне облыс əкімі тұшымды жауаптар қайтарды. Аудан жұртшылығының айтқан уəжін тиісті мекемелерге тапсырды, жауапты адамдарға жүктеді. Көптеген əлеуметтік мəселелерге облыс əкімі тарапынан бағыт-бағдар нұсқалды. Əрине, көп көкейіндегі сандаған сауалдың оң шешім табуы уақыт еншісінде екені анық.
Ерзат Асыл,
Еңбекшіқазақ ауданы