⛅
1°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    03.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Өңір тынысы
    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Бүгінде жалпы өңір халқының 8 пайызының тұмауға қарсы иммунитеті күшейтілген. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Жыл сайын аймақта 400 мыңға жуық адам вирустық инфекциялар жұқтырады. Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау маусымы қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады. Желтоқсан мен қаңтар айларында сырқаттану көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетеді.

    2023-2024 жылдардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 28 қыркүйектен басталды. Ресми деректерге сүйенсек, қауіпті кезеңде вирустық инфекциялардың 58 мың фактісі анықталған. Былтырғы маусымда 92645 адам ЖРВИ жұқтырса, биыл ол көрсеткіш 37% төмендеген.

    Мамандардың айтуынша, жалпы сырқаттанғандардың 63 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр. Марат Исмаилов ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі жолы – екпе қабылдау екенін айтады.

    Облыста Балқаш, Ұйғыр аудандары және Қонаев қаласында тұмауға қарсы вакцина салу аяқталды. Қазір 7 ауданда екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
    «Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцина 123 мың адамға салынды. Бұл вакцина алуға болатын тұрғындардың 73 пайызы немесе жалпы халықтың 8 пайызы. Атап айтсақ, медицина қызметкерлерінің 80 пайызы, жүкті әйелдердің 73 пайызы, жабық мекемелердегі балалардың 68 пайызы, диспансерлік есепте тұратын адамдардың 67 пайызы және қарттар үйінде тұратын жандардың 100 пайызы вакцина алды», – дейді Марат Исмаилов брифингте.

    Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Гриппол плюс» вакцинасының 168 500 дозасын сатып алған. Соңғы 11 жылда халықты тұмауға қарсы вакцинациямен қамту 6,4 пайыздан 13,9 пайызға дейін өсті.

    Ұсынымдар

    Жаңа спорт кешені ашылды

    Жаңа спорт кешені ашылды

    11 months ago
    Ердің жүгін көтерген

    Ердің жүгін көтерген

    2 years ago
    Студенттер сақманға келді

    Студенттер сақманға келді

    2 years ago
    Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт ашылды

    Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт ашылды

    2 months ago
    Асы жайлауындағы овсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    Асы жайлауындағы обсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>