-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үш кандидат үмітті

    02.11.2023
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Сайлау, Сайлау-2023, Саясат
    Үш кандидат үмітті

    Фото: zakon.kz

    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Облыста қарашаның 5-інде екі ауданның әкімі сайланады. Соның бірі – Жамбыл ауданы. Алматы іргесіндегі үлкен ауданның әкімі болуға үш үміткер тіркелген. Олар – Жанғали Базарбаев, Нұрлан Ертас және Ғани Шортанбаев. Бұл кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, саяси шарада жеңіп шығу үшін сайлау заңнамасына сай тиісті жұмыстар жүргізу үстінде.

    Жамбыл ауданының əкіміне үміткер Нұрлан Ертасұлы 1980 жылы 2 шілдеде Алматы облысының бұрынғы Күрті ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірген. 2003- 2005 жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап өзін мемлекеттік қызметке арнады. Жамбыл ауданында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы, Теміржол жəне Мыңбаев ауылдық округтерінің əкімі, Жамбыл ауданы əкімі аппаратының басшысы, Қарасай ауданы əкімінің орынбасары, Алматы облысы энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Жамбыл ауданының əкімі болды.

    Келесі кандидат Ғани Мұқанұлы 1965 жылы 4 тамызда Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы осы ауылдағы Ақтерек қой кеңшарында ветеринар-санитар болып бастаған. Келесі жылы аталған шаруашылықтағы №3 бөлімшеде, 1994 жылы №2 бөлімшеде, ал 1996 жылдан «Ақтерек» өндірістік кооперативінде мал дəрігері болды. 1998 жылдан Ақтерек ауылдық əкімдігінің мал дəрігері болып жұмыс істеді. 2000 жылғы шілдеден Ақтерек селолық округінде бас маман – малдəрігерлік қадағалау инспекторы қызметін атқарды. 2003 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл аудандық аумақтық басқармасының ветеринариялық бөлімінің жетекші маманы лауазымына тағайындалды. 2004-2010 жылдары Ақтерек селолық округінде жетекші маман, ветеринарлық инспектор, лицензиялық мал дəрігері қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдары Жамбыл ауданының ветеринариялық стансасының Ақтерек округі бойынша ветеринарлық пунктінің меңгерушісі болды. 2016 жылдан бастап Ақтерек ауылдық округінің əкімі қызметін атқарып келді.

    Аудан əкіміне үшінші үміткер Жанғали Мұратбекұлы 1973 жылы 20 шілдеде Дегерес ауылында туған, білімі – жоғары. 1995 жылы Алматы зоотехникалық малдəрігерлік институтын мал дəрігері мамандығы бойынша бітірген . 2000 жылы Қордай ауылшаруашылық колледжін агроном, 2009 жылы Алматы Экономика жəне статистика академиясын экономист мамандығымен аяқтаған. Еңбек жолын 1995-1997 жылдары «Дегерес» асыл тұқымды жылқы зауытында №2 бөлімшенің ветеринарлық санитары, мал дəрігері болып бастаған. 1999-2001 жыл дары Қордай шекарлық ветеринарлық бақылау пунктінің бас маманы, мемлекеттік инспекторы, 2001-2005 жылдары Жамбыл ауданында ветеринарлық инспектор, 2005- 2007 жылдары Жамбыл ауданы əкімі аппараты ның басшысы, 2007- 2011 жылдары Ұзынағаш ауылдық округінің əкімі, 2011-2016 жылдары Алматы облыстық табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ауданның ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, 2018-2020 жылдары Беріктас ауылдық округінің əкімі, 2020-2022 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерінің басшысы лауазымдарын атқарған. 2022 жылдың сəуірінен бастап Жамбыл аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді. Аудан əкімінің сайлауын өткізу үшін ауданда 1 аумақтық, 77 учаскелік комиссия құрылған.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Белсенділік танытты

    Белсенділік танытты

    10 months ago
    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды

    Үкімет: Биыл инфляцияны 2 есеге төмендетуіміз керек

    2 years ago
    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    1 month ago
    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    2 years ago
    Жатыр мойны обыры жасарып келеді

    Жатыр мойны обыры жасарып келеді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>