Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Уәкіл зорлыққа тап болған егіз қыздың жағдайы туралы айтты

Уәкіл зорлыққа тап болған егіз қыздың жағдайы туралы айтты

2 қаралым

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында зорлыққа тап болған егіз қыздың қазіргі жағдайлары туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Соған байланысты мән-жайды толық айтуға болмайды. Мен ол жерге өзім бардым. Егіз қызды да, отбасының басқа балаларын да көрдім», — деді ол.
Уәкіл бұл іс бойынша қыздардың әжесі ұсталғанын еске салды.

«Оқиғаның себебі анықталып, күдіктілер ұсталды. Қыздар қазір бала құқығын қорғайтын орталықта. Яғни, Балаларды қорғау орталығында», — деді Динара Зәкиева.

Еске салсақ, қазан айының басында Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам қамауға алынғаны хабарланған еді.