-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Жайлы мектеп» жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады

    09.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Демография, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Үкімет, Экономика
    «Жайлы мектеп» жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Қазақстан Үкіметі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

    Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ сыртқы қасбеттерді әрлеуде қолданылатын материалдардың басым бөлігі отандық өндірістің тауарлары болмақ.

    Кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткізуді жоспарлауға және тиімді шарттармен жобаны қаржыландыруға мүмкіндік беретін алдын ала келісімшарттарды қолдану қарастырылған.

    Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, салынып жатқан мектептерді жабдықтау үшін жиһаздар мен құрал-жабдықтарға қажетті барлық техникалық шарттарды анықтаған. Үкімет қабылдаған өзгерістерді сапалы іске асыру үшін елішілік құндылық үлесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі.

    Бұдан бөлек, қоғамдық мониторинг жүргізу үшін ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр. Осылайша, әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қоғамдық дашборд арқылы бақылауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта қазір әрбір объектіде бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.

    Еске сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Бұл өз кезегінде апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер мәселелерін шешеді.

    Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,4 трлн теңге қарастырылған. 2023 жылы 461 мың орындық 217 мектеп құрылысын бастап, оларды келер жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2024 жылы 279 мың орындық 152 мектеп құрылысын бастап, оларды 2025 жылы ашу жоспарланып отыр.

    “Жайлы мектеп” жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының бес ауданында (Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар) және Қонаев қаласында 54600 оқушыға арналған 53 мектеп салынады.

    Ұсынымдар

    Қауіпті кәсіпорындардың жабдықтары ауыстырылады

    Қауіпті кәсіпорындардың жабдықтары ауыстырылады

    11 months ago
    Өнерге құштар өрендер

    Өнерге құштар өрендер

    4 months ago
    Шеберлік сабағы

    Шеберлік сабағы

    3 weeks ago
    Бір мақсат, бір мүдде

    Бір мақсат, бір мүдде

    2 weeks ago
    Аласармас азамат

    Аласармас азамат

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>