11 желтоқсан күні кешке Қазақстанда Алматы облысында ауа-райының күрт суытып, қалың қар түсуіне байланысты Алматы – Шелек – Қорғас жолының 24-254 шақырымы, Арман учаскесінен– Айдарлы ауылына дейін (автокөліктің барлық түрлері үшін) көліктердің жүруіне шектеу қойылды.
Кеген ауданында да облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Тасашы-Сарыкөл, Тұйық, Жалаулы, Қарқара-Ереуіл-Мыңжылқы, Ақтасты, Кеген-Жалаңаш, Кеңсу-Жайдақбұлақ-Талды арасындағы жолдарда көлік жүрісі тоқтатылды.
Сонымен қатар Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарында да бірқатар жолдар жабылды.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 527 техника мен 1273 адам жұмыс атқарып жатыр. 626 м3–қа жуық көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.