-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Өңір тынысы

    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    20.12.2023
    in Өңір тынысы
    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    Фото: opennews.kz

    0
    SHARES
    23
    VIEWS

    Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімінің аппарат басшысы, облыстық ардагерлер мен қоғамдық кеңес төрағалары, департамент пен басқарма басшылары, сонымен қатар онлайн режимде қала, аудан әкімдері қатысты. Сессия отырысын облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралып, халық қалаулыларының қолдауына ие болды.

    Алғашқы мәселе Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №31-147 «Алматы облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізуге арналды. Ал екінші мәселе 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке қатысты болды. Бұл бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз баяндама жасады. Ол бюджет көрсеткіштерін нақтылап, арнайы слайд арқылы облыстың 2024-2026 жылға арналған бюджет жобасын таныстырып өтті. 2023 жылғы көрсеткіш бойынша жалпы түсім 842,5 млрд теңгені құраған. Оның 174,8 млрд теңгесі республикалық бюджетке, ал 667,7 млрд теңге жергілікті бюджетке тиесілі. Ораз Асылан келер жылғы облыс қазандығының болжамды көрсеткішін де атап өтті. 2024 жылы республикадан 179,4 млрд теңге қаржы бөлінсе, жергілікті бюджет 676,6 млрд-ты құрауы тиіс. Жалпы түсім 856 млрд теңгеге толығады деп күтіліп отыр. Осы орайда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рустам Маратұлы бүгінгі таңда Алматы облысында жергілікті бюдже түсімінде өткір проблема барын айтып, жоспардың орындалмау себептерін көрсетіп өтті.

    – Біріншіден, корпоративтік табыс салығы, екіншіден, букмекерлік ұйымдардың 2022 жылдың соңына жеке табыс салығын төлеу есебін өзгертуі, үшіншіден, темекі өнімдеріне акциз өндірісінің 9%-ға төмендеуі. Аталған мәселелер оң шешімін табуы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – биылғы жылды барынша ауыртпалықсыз аяқтау, – деді ол.

    Облыстың экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайды жою мақсатында әкімдік Үкімет резервінен шұғыл шығыстарға 44,6 млрд теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер бөлу туралы сауал жолдаған. Есептеулерді Ұлттық экономика мен Қаржы министрліктері әзірлеп, бекітті. Бірінші кезеңде мұғалімдерге еңбекақы төлеуге Үкімет резервінен 20 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, осыған байланысты қаржыландыру көздеріне өзгерістер енгізіледі. Осы жылы туындаған басқа міндеттемелер келесі жылға кредиторлық берешек ретінде ауыстырылмақ. Бұл орайда облыс бюджетінің көлемі 18 млрд теңгеге қысқарады. Рустам Маратұлы облыстың 2024 жылға арналған бюджеті 856 млрд теңгені құрап, биылғы жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға өскенін жеткізді. Оның сөзінше, аталмыш бюджет жобасы облыстық бюджет комиссиясының, мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланып, қолдау тапқан.

    Күн тәртібінде қаралған үшінші мәселе «2023-2025 жылдарға арналған Алматы облысы бюджетінен қаржыландыратын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» болды. Ол бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев баяндама жасап, мәслихат қарауына 2023-2025 жылдарға арналған облыстың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарын ұсынды. 2023-2025 жылдарға арналған жоспар 8,2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлуді көздейді. Жоспарға белгіленген үлгілік тізбеге сәйкес облыс экологиясының мәселелерін шешуге бағытталған 10 бөлім бойынша іс-шаралар енгізілген. Қанат Ақылұлы экологиялық жоспардағы қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шараларға тоқталып өтті. Құжатта Қонаев, Талғар, Қаскелең қалалары үшін шекті шығарындылардың жиынтығын, сондай-ақ Алматы облысының 2024-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қарастырылған. Қоршаған орта сапасының белгіленген нысаналы көрсеткіштерінің сақталуына мониторинг жүргізу жоспарланған. Аталған іс-шаралар жоспардың «Атмосфералық ауаны қорғау» бөлімі бойынша енгізілді.

    «Су нысандарын қорғау» бөлімі бойынша жоспар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде орындалады. Ол бойыша Балқаш ауданындағы Іле өзенінің белгіленген арналарын тазарту, облыстың су нысандарында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу, Қонаев қаласында кәріз желісін реконструкциялау көзделген. Балқаш ауданы Ақжар ауылы маңында Іле өзеніндегі жағалауды нығайту жұмыстары жоспарда қарастырылғанын жеткізген Қанат Нүсіпбаев өз сөзінде:

    – Орман алқабын ұлғайтуға қаражат бөлінетін болады, бұл іс-шара «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының міндеттерін орындау арқылы жүзеге асады. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында аквакультураны субсидиялау, балық шаруашылығы су айдындарын құжаттау, резервтік су айдындарын қоректендіру, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарының қорын күзетуді және мелиорациялық балық аулауды ұйымдастыру көзделді. Заречный кентінің жылу қазандығын сұйық отыннан табиғи газға ауыстыру бойынша да іс-шара жоспарда бар, ¬ – деп айтып өтті. Сонымен қатар жоспарда Еңбекшіқазақ ауданы Ақбастау ауылында және Қонаев қаласында қатты тұрмыстық қалдық полигондарын және Шелек ауылында стихиялық қоқыс үйінділері орнын қалпына келтіру көзделгенін жеткізді. Аталмыш жоспар өңір жұртшылығына ұсынылып, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімін алған. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары депутаттардың қолдауына ие болып, дауыс беру арқылы бірауыздан бекітілді. Ендігі кезекте облыстың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында жарияланбақ.

    Күн тәртібіндегі төртінші мәселе – Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту бойынша жиынға қатысушыларға алдын-ала ақпарат беріліп, бірауыздан қолдау тапты.

    Соңғы мәселе бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына ұсынылған кандидатура қабылданды. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев облыстық мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясын қорытындылап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    Құралбек Сәбитов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қарттарға қуаныш сыйлайды

    Қарттарға қуаныш сыйлайды

    3 months ago
    Қысылғанда көмек қолын созды

    Көлігімен көмекке келді

    1 year ago
    Алыптардың ақиқатты тануы

    Алыптардың ақиқатты тануы

    4 months ago
    Вейпке тыйым салынады

    Вейпке тыйым салынады

    1 year ago
    Ысырапқа жол бермейік!

    Ысырапқа жол бермейік!

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>