-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ысырапқа жол бермейік!

    28.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Ысырапқа жол бермейік!
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Қоғамда ысырапшылдық ырық бермей тұр. Басқасын айтпағанда, жерлеу рәсімінде де аста-төк дастарқан жаюды әдетке айналдырдық. Қайтқан кісінің жақындары әуелі мейрамхана іздеп, көңіл айта келген жамағатқа тарататын жыртыс сатып алумен әлек болады. Сол үшін несие алып, қарызға белшесінен батып жатқандар қаншама?!

    Осыған орай Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес ­Қабылбеков­тің төрағалығымен жиын өтті. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ас беру мәдениетін қалыптастыру, діни рәсімдерде ысырапшылдыққа жол бермеу және оның алдын алу мәселелері көтерілді. Ас беру – ата-бабамыздан келе жатқан халықтық дәстүр мен ұлттық мәдениетіміз. Десек те, оның кейбір тұстарын заман талабына сай бір ізге келтіретін уақыт жетті.
    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы, «Әлмерек – абыз баба» мешітінің бас имамы Әзім Сатыбалдыұлы, ауыл мешіттерінің имамдары, ауылдық округ әкімдері, елдімекендердегі ардагерлер мен аналар кеңесінің төрағалары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері бас қосқан кездесуде ысырапшылдық әңгіме арқауына айналды.
    Жиында аудандық мешіттің бас имамы Әзім Сатыбалдыұлы баяндама жасап, аталған мәселеге тоқталды.
    – Жақынынан айырылып отырған қаралы шаңырақ «Көпшілікке ас беру – перзенттік міндетіміз» деп көл-көсір дастарқан жайып жатады. Одан басқалары да қалыспауға тырысады. Бұл тұрмысы төмен отбасыларға ауыртпашылық тудыратыны сөзсіз. Сондықтан еске алу іс-шарасын ұйымдастыруды шариғат заңы мен салт-дәстүр бойынша реттеген дұрыс, – деді дін қызметкері.
    Кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар көп болды. Әсіресе өмірден өткен марқұммен қоштасуға арналған жиынға да шектеу қойылса деген тілектерін айтты.
    Ысырапшылдыққа жол бермеуде Қарқара ауылы көш бастап тұр. Осы елдімекендегі «Әкебай ата» мешітінің бас имамы Ұлан Мойдынбековтің айтуынша, қарқаралықтар бұл мәселені 2008 жылдан бері қолға алып, бір жүйеге келтірген.
    – Ауыл әкімі мен ақсақалдар, жастарымыз осы тақырыпты тура бүгінгідей жиналыста отырып қозғадық. Содан кейін бір тоқтамға келдік. Әрине, ас беру – сауапты іс. Бірақ оны шектен шығарып, той дастарқанымен шатастырмау керек, – деді ол.
    Жиын соңында қатысушылар діни рәсімдер мен жоралғылардың бірізділігі бо­йынша шешім қабылдады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігі ұсынған ас мәзірін бірізділікке салу бойынша дастарқанда жеті тағам түрі көрсетілген.
    «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, ас беру мәдениетін қалыптастыру және насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізудегі маңызды шешім өңірдегі барлық ауыл-аймаққа, мешіттерге таратылып, оның орындалуы бақылауда ұсталмақ.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Отан отбасынан басталады

    Отан отбасынан басталады

    1 month ago
    Өндіріс – ел экономикасының қозғаушы күші

    Өндіріс – ел экономикасының қозғаушы күші

    2 years ago
    Депутаттар сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!

    Оқырманға арнау сөз

    2 years ago
    Онлайн ойын  опындырып жүрмесін

    Онлайн ойын опындырып жүрмесін

    7 months ago
    ҰБТ-да топ жарды

    ҰБТ-да топ жарды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>