-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ортопедиялық ауруларды емдеудің озық әдістері енгізілді

    24.01.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Ортопедиялық ауруларды емдеудің озық әдістері енгізілді

    Фото: medicalpark.kz

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында мұндай диагноз қойылған науқастарды емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді. Енді мекемеде халықаралық стандарттарға сай заманауи тәсілдер қолданылып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы артып отыр. Осы тұрғыда аймақта алғаш рет иық буынын эндпротездеу отасы жасалды. Бұл ем өңір тұрғындары үшін МӘМС жүйесі арқылы қолжетімді болып отыр. Тың әдіс тұңғыш рет еңбекшіқазақтық тұрғынға қолданылды. Саймасай ауылының азаматы 1,5 жыл бұрын сатыдан құлап, иығын қатты жарақаттап алған. Оқыс жағдайдан кейін қолын қозғалту қиындап, буын артрозына шалдығыпты. Талай уақыт дерті жанына батқан науқас 2022 жылдың желтоқсан айында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығының дәрігерлеріне жүгініп, қажетті көмек алған.

    «Тексеруден өткізгеннен кейін науқасқа оң жақ иық буынының 4 дәрежелі деформациялық артрозы деген диагноз қойылды. Оның сақтандыру мәртебесі болғаннан кейін жергілікті емханадан бізге жолдамамен келді. Сондықтан біз оған МӘМС шеңберінде оң жақ иық буынының реверсті эндопротездеу отасын тегін жасадық. Мұндай операция бұрын-соңды тек Астана, Алматы қалаларында жасалса, қазір бұл жоғары технологиялық әдіс Алматы облысының тұрғындарына да қолданылып жатыр. Бүгінде тек біздің аймақтан ғана емес, өзге өңір адамдары да келіп, ем қабылдаа жүр», – деді Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталғының бас директоры Ерсін Жүнісов.

    Қазіргі таңда науқастың отадан кейінгі жағдайы қалыпты. Жоспарға сәйкес, оңалту шараларынан өтіп жатыр. Жалпы, иық буынының эндпротездеу отасы Қазақстанда сирек жүргізілсе, Алматы облысында алғаш рет жасалып отыр.

    Ұсынымдар

    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    Қажыға құрмет

    7 months ago
    Үздік өнер көрсетті

    Үздік өнер көрсетті

    1 year ago
    Бірлігі күшті ел озады

    Бірлігі күшті ел озады

    1 year ago
    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    1 year ago
    Бар жақсылық – балаларға

    Бар жақсылық – балаларға

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>