Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жармұхамбет ауылындағы егіз әпкелі-сіңлілердің азаматтық ұстанымы

Жармұхамбет ауылындағы егіз әпкелі-сіңлілердің азаматтық ұстанымы

31 қаралым

Бүгін өтіп жатқан жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауынан Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылының егіз қыздары Қазина мен Қазиза Қайсарқыздары да шет қалмады.

2004 жылы дүниеге келген егіздердің әзірге өз отбасылары жоқ. Алайда олар білім беру саласында адал еңбек етіп, Жармұхамбет ауылындағы №2 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.

– Ұстаздар қауымының өкілдері ретінде сайлауға қатысуды біз өте маңызды деп санаймыз. Өйткені балалар бізге қарап бой түзейді, біз олар үшін үлгі болуымыз керек. Ұстаз болу – үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар айрықша жауапкершілік екенін жақсы түсінеміз, – дейді әпкелі-сіңлілер.

Қарасай ауданы

↑