-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Өңір тынысы

    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті

    23.01.2024
    in Өңір тынысы, Төтенше жағдай
    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті
    0
    SHARES
    45
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жер сілкінісіне байланысты жедел штабтың шұғыл жиынын өткізді. Жиында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, апаттан құтқару қызметтерінің жұмысы және қажет болған жағдайда азаматтарды жылы орынмен қамту шараларын ұйымдастыру жайы талқыланды.

    Өңірдегі барлық құзырлы мекемелер, полиция департаменті мен жедел медициналық жәрдем қызметі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

    Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

    – Полиция: 102
    – Жедел медициналық жәрдем: 103
    – Газ қызметі: 104
    – Электр энергиясын тарату қызметі: 105

    Облыс тұрғындарына қажет болған жағдайда әлеуметтік мекемелерде уақытша жылыну орындары ашылғанын еске саламыз. Қарасай ауданындағы “Асыл Арман” ықшамауданында 52, Талғар ауданында 51 жылыну орны ашылды.

    Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласында мешіттерді ашып қою тапсырылды. Қазіргі уақытта Қонаев қаласындағы орталық Қапшағай мешітіне 30 шақты адам келді. Облыстың бас имамы аудандық мешіттермен байланыста, қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсетіледі.

    23 қаңтар күні сағат 00:09 минутта Алматы қаласында жер сілкінісі сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 200 шақырым қашықта болды, магнитудасы – 6,7.

    ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі – Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.

    Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15.1.

    MPV магнитудасы – 6.7.

    Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 1.78° с.Б.

    Тереңдігі – 65 км.

    Алматыда жер сілкінісі 4 балл деңгейінде сезілді.

    Google платформасы жер сілкінісі басталардан бірнеше секунд бұрын 6.2 шамасында әлсіз соққылар күтілетінін ескерткен.

    Жер сілкінісін Өскемен, Шымкент тұрғындары да сезген.

    Ұсынымдар

    Бағдарлама есебі тыңдалды

    Бағдарлама есебі тыңдалды

    1 year ago
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    3 months ago
    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    1 year ago
    Аңсарлы дүниенің Аңсары еді

    Аңсарлы дүниенің Аңсары еді

    3 months ago
    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.