-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақ киносының корифейі

    27.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият, Тарих
    Қазақ киносының корифейі

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Биыл – театр және кино актері, аса талантты кинорежиссер, қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы Шәкен Аймановтың 110 жылдығы. Осыған орай Қонаев қалалық Мәдениет үйінде облыс әкімдігінің қолдауымен концерт ұйымдастырылып, ұлы тұлғаның есімі ұлықталды. Аты айғақты шараға ұйытқы болған Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздары Шәкен Аймановтың шығармашылық шыңын танытып, оның туындыларындағы әндерден шашу шашты. Кеңес одағының және Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино өнерінің ақтаңгері ардақталған кеште біртуар тұлғаның бар болмысы паш етілді.

    Ұлттық театр өнерінде талантымен танылып, кино саласының қалыптасуына, дамуына бүкіл ғұмырын арнап, қазақ киносындағы режиссураның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, тұңғыш қазақ киносын түсірген Шәкен Аймановтың есімі ел жүрегінде мәңгі қалды. Мәдени кеште өнер үшін жаратылған жанның өнегелі өмір жолы айтылып, әр замандағы сомдаған әрқилы бейнелері көз алдымызға келді. Шара шымылдығы Мұса Сапарәлінің орындауындағы Александр Зацепиннің «Тыңда» туындысымен түрілді. Иә, Шәкен Кенжетайұлы алғаш театр сахнасынан танылып, кейіннен кино саласында өзі алып шыққан образдары арқылы өнердегі өмірі ғасырдан-ғасырға жалғасты.

    1914 жылы Баянауыл тауларының етегінде дүниеге келген даңқты дарын иесі бойындағы талантының арқасында қазақты күллі әлемге танытты. Бала кезінен қолынан домбыра мен мандолина түспеген Шәкен Айманов ауыл мектебін үздік бітірген соң үлкен ағасы Қажымұратқа еріп, Семейге оқуға кетеді. Семейдегі техникумда білім алып, өнерімен көзге түсіп жүрген талант иесін 1932 жылы драматург Ғабит Мүсірепов байқап, оның ерекше дарынын сезіп, Алматыға алып келеді. Сол жылы қазақ драма театрына қызметке қабылданған дарынды жас 20 жылдай сахнада өз шеберлігімен көрерменін тәнті етіп, Петруччио, Ақан сері, Абай сияқты көптеген рөлдерімен ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Актерлік өнерімен қатар режиссерлық шығармашылықтың да төріне шығып 4 жыл көлемінде драма театрдың бас режиссері болды. Ұлттық кино саңлағы 1953 жылдан бастап кино саласында өнімді еңбек етті. Сол жылдан 70-жылдарға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік бөлімін басқарып, Қазақстан Киноматографистер одағын ұйымдастыруға атсалысып, одақ басқармасының бірінші хатшысы міндетін атқарды. Оның қойған қойылымдары мен ойнаған әрбір рөлін өзгеше бір әлем деп айтуға әбден болады. «Абай әндері», «Жамбыл» тағы да басқа көркем фильмдерде күрделі бейнелерді сомдаған ол қазақ кино өнерінің өркендеуі жолында аянбай тер төкті. Киноға деген кіршіксіз адалдығымен, халқына шынайы сүйіспеншілігімен қазақ халқының біртуар абзал ұлына айналды. Оның қолтаңбасы саналатын «Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» сияқты өлмейтін туындылары әлі күнге дейін телеэкран бетінен түспей келеді. Аталмыш фильмдер халқымыздың басқа да өнер мұралары секілді әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ, жоғалтпайды да!

    Кестелі жыр мен әуезді ән төгілген шарада сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесінің барлық таланты кеңінен айтылып, өзі дара дауыста шырқаған «Екі жирен» мен «Жиырма бес» әуендері де филармония өнерпаздарының орындауында құлақ құрышын қандырды. «Атаманның ақыры» фильмінің саундтрегін Шәкен Айманов өзі әуелетіп, «Жиырма бес» әнімен киноның да сәнін кіргізген болатын. Сүйінбай атындағы филармонияның дарынды әншісі Жігер Омарханның «Жиырма бесті» орындау арқылы жиналған көпшілікті сонау жылдарға бір сапарлатып қайтты. Дана Мәжитованың орындауында «Назқоңыр» қазақтың ғажаптығын әспеттесе, Салтанат Құдайбергенова шырқаған Александр Зацепиннің «Одиссей» туындысы «Тақиялы періште» киносын көз алдыға келтірді.

    Көрермен көзайымына айналған фильмдерді дүниеге әкелген тау тұлға Шәкен Айманов – актер ретінде кейіпкердің жан дүниесін таныту шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге мән бере білген дарынды суреткер. Сол себептен оның фильмдері әр қазақтың жадында сақталып, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ұмытылмай, жатталып келеді. Өнерпаздар шырқаған «Гүл Алматы», «Құралай», «Дудар-ай» әндері өткен күннің ыстық естеліктерімен тебірентсе, Тілеубай Әнәпия мен Мағжан Сатыбалды қосыла әуелеткен Молдабайдың «Мен Алдармын» туындысы ойшыл режиссердің өшпес ізін көрсетті.

    Артына өлмес мұра қалдырған өнер адамының есімі ел есінде жаңғырып, мәңгі сақталатыны сөзсіз. Арада ұзақ жыл өтсе де, Шәкен Аймановтың әрбір сөзі, әрбір естелігі – бүгінгі ұрпақтың құнды қазынасы. Әйгілі кино саңлағының құрметіне арналған кеш жиналғандарды ерекше тебірентіп қана қоймай, оның шығармашылығының жылдан-жылға қадірі артып бара жатқандығын тағы бір танытты.

    Құралбек Сәбитов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Өңірдегі экоахуал тұрақты

    Өңірдегі экоахуал тұрақты

    11 months ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    8 months ago
    Бірнеше мұғалім “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағын иеленді

    Бірнеше мұғалім “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағын иеленді

    2 years ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ №48 МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ №48 МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    Мықты қазақ

    Өлмейтін тек дана сөз

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.