-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білекті де білікті

    27.03.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Білекті де білікті
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Наурыз мерекесіне орай Қарасай ауданындағы «Nur-Aman» спорт кешенінде мектеп мұғалімдері арасында қазақ күресінен «Ұстаз барысы» облыстық турнирі өтті. Жарысқа аудандық іріктеу сайысында жеңімпаз атанған 50 балуан-ұстаз қатысты.

    Турнирдің ашылу салтанатында қазақ күресі бойынша Алматы облысының аға жаттықтырушысы Жангелді Хамитов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Балуан-педагогтер 5 салмақ дәрежесінде белдесті. Нәтижесінде, Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Зәкен Шыңғыс 60 келі салмақта бас жүлдені иеленіп, Алматы облысының «Ұстаз барысы» атанды.
    Шыңғыс Болатұлы 1996 жылы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында дүниеге келген. 2003 жылы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің табалдырығын аттап, 2014 жылы тәмамдаған. 2014-2019 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында білім алып, 2019 жылдан бері №7 орта мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі болып еңбек етуде.
    Шыңғыстың спортқа деген қызығушылығының оянуына әкесі Болат Зәкенұлы әсер еткен. Ол жас кезінде Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойында қазақ күресінен жеңімпаз атанған. Жастайынан спортқа баулыған бапкері – Төлегенді Сұлтанов. Он жасынан спортпен шыныққан Шыңғыс бүгінгі таңда дзюдодан халықаралық жарыстардың жеңімпазы, самбо күресінен жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер, Қазақстан чемпионатының бес дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының жүлдегері.
    Қазір мектепте мұғалімдік қызметі мен бапкерлікті қатар алып жүр. Маратбек Әмір, Серікбай Ернар, Дамир Маметименов сынды шәкірттері республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, ұстазының мерейін үстем етуде.

    Бағдат Шойбас,
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    1 year ago
    Бала құқығы — басты назарда

    Бала құқығы — басты назарда

    1 year ago
    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    Газет тарихы тереңде

    1 year ago
    Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

    Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

    3 months ago
    Д.Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды

    Д.Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.