-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сала жұмысында сылбырлық бар

    30.03.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Сала жұмысында сылбырлық бар
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Облыстық мәслихатта «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, депутаттық фракция жетекшісі Қуат Байғожаев ашып, отырыс партиялық бақылау комиссиясының жиналысымен бірлескен форматта өтетінін, өйткені күн тәртібінде тыңдалатын сұрақтар бір екенін жеткізді. Осыған орай жиынға «AMANAT» партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Амангелді Сембаев, облыстық фракция мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, басқарма басшылары қатысты.

    Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе «AMANAT» партиясының 2023- 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасында 2023 жылы орындалмаған тармақтары туралы болды. Бұл ретте өткен жылға белгіленген 88 іс-шараның 77-сі ғана орындалған. Соның ішінде «Алатау жастары» бағдарламасы бойынша жыл сайын 200 жас маманға жеке тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие берілуі керек болатын. Бұл іс өз дәрежесінде жүзеге асырылмаған. Осы орайда сөз облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметовке берілді.
    Басқарма басшысы «Алатау жастары» жас отбасыларға арналған ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы аясында 2022 жылы 60, 2023 жылы 200, биыл тағы 200 отбасы баспанамен қамтылуы керек болғанын, алайда бүгінге дейін тек 44 отбасына несие берілгенін, биылғы жартыжылдықта 55 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланып отырғанын айтты. Бағдарламаның өз дәрежесінде жүзеге аспауына 2022 жылы бөлінген қаржы әр отбасына 10 млн теңгеден есептелгенін, пәтерлердің қымбаттауына байланысты ол қаржы жетпегенін, осыған орай биыл қосымша қаржы бөлініп, әр отбасыға 18 млн теңгеден қарастырылып отырғанын алға тартты. Сонымен қатар бағдарлама аясында жас отбасыларды баспанамен қамтуда Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Балқаш сынды шалғай аудандардың көрсеткіші тым төмен екенін, бұл өңірлерде салынып жатқан үйлердің аздығын, сол себепті жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі төмен болып тұрғанын тілге тиек етті.

    Еңбекшіқазақ ауданындағы Төле би ауылында 450 орынды мектеп және Талғар қаласындағы Талғар политехникалық колледжіне арналған 200 орынды жатақхана құрылысы аяқталмаған. Бұл орайда облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Аят Сәбитов есеп берді. Ол мектеп құрылысында спортзал салуға қатысты мәселеде қиындықтар туындап отырғанын, ал жатақхана құрылысы сейсмикалық талаптарға сай келмегендіктен кешеуілдеп жатқанын жеткізді.

    Өткен жылы 14 білім беру ошағына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілу қажет болған, алайда оның 6-уында жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Осы орайда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Маралбаева баяндама жасап, Алматы облысы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, күрделі жөндеу жұмыстарының жобалықсметалық құжаттарында сейсмикалық күшейту жұмыстары қарастырылғанын, онсыз күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптама қабылдамайтынын, сараптама қорытындысына сәйкес, күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімі 5 айдан 12 айға созылатынын, сондықтан жаздың үш айында кейбір мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай қалғанын, бұл мәселе биыл шешімін табатынын айтты.

    Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләйла Серікбаева есеп берді.
    – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Балқаш, Ұйғыр, Жамбыл, Кеген, Іле, Қарасай аудандарында 38 нысан салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін ғимараттар мен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымға 842,0 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде ғимараттарды жобалауға 161,4 млн теңге, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымға 680,4 млн теңге қарастырылды.
    Қазіргі уақытта «ТурарХилскэйер» ұлттық операторы негізгі үлгілік үш жобаны әзірледі және мемлекеттік сараптаманың қорытындылары алынды. Үлгілік жобалар негізінде Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына жер учаскесіне байлау және отырғызу үшін 35 жоба жіберілді. Бүгінгі таңда 11 жоба мемлекеттік сараптамадан өтуге, 24 жоба жинақтау сатысына жолданды. Сондай-ақ, инженерліккоммуникациялық желілерді жүргізуге және барлық 38 нысанды абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу аяқталды және сараптаманың оң қорытындылары берілді. Мердігерлік ұйымдарды анықтауға конкурстар жарияланды. Мердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге шарт жасалды, – деді ол.
    Былтыр 7 Мәдениет үйі мен ауылдық клубтардың ашылуы жоспарланған болатын. Алайда уақытында ашылмаған 3 Мәдениет үйі бар. Олар – Қарасай ауданының Жандосов, Ұмтыл ауылдарындағы және Кеген ауданының Жалағаш ауылындағы Мәдениет үйлері. Бұл турасында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров баяндады. Ол Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Мерей ауылындағы Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жөніндегі құрылыс-монтаж және техникалық қадағалау жүргізу жұмыстарына құжаттар дайындалып жатқанын айтты. Ал Жандосов ауылдық округіне Мәдениет үйін салу үшін облыстық құрылыс басқармасына 774 924,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілгенін жеткізді. Кеген ауданы Жалағаш ауылдық Мәдениет үйінің құрылысы 2022 жылы басталғанын, құрылыс жұмысы белгіленген кестеден кешігіп, қыс мезгілінде жүргізілгендіктен, сапасыз болуына байланысты ауыспалы кезеңмен 2024 жылға қалдырылғанын, қазіргі таңда құрылыс жұмысының 70 пайызы орындалғанын, толықтай аяқтау биылғы маусым айына жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.

    Автокөлікке арналған өрт сөндіру бекеттерін салу, төтенше жағдай кезінде халықты хабардар ету үшін 50 дыбыстық қондырғы сатып алу және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары, полковник Данияр Қасымов есеп берді.
    – Осы жылдың басынан бері 3 өрт сөндіру бекетінің (Қарасай ауданындағы Шамалған ауылы, Кеген ауданындағы Кеген ауылы және Талғар ауданында Нұра ауылы) құрылысына жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні облыстың құрылыс басқармасы облыстық бюджет комиссиясы отырысының 2023 жылғы 17 сәуірдегі №3/2023 хаттамасы негізінде Кеген ауданының Кеген ауылында өрт сөндіру депосын салуға арналған жекелеген құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты сметалық құнға түзету жүргізді. Мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді, конкурсты «Дәулет Серпін» ЖШС жеңіп, аталған депоның құрылысы бойынша жұмыс басталды. Жергілікті атқарушы органдар мердігерлерге 29 млн 700 мың теңге көлемінде аванс бөлді. Сонымен қатар, құрылысқа жоспарланған Қарасай ауданының Шамалған стансасы мен Талғар ауданының Нұра ауылындағы қалған 2 өрт сөндіру депосы бойынша мердігерлік ұйымды анықтауға арналған конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Конкурстың нәтижесі 10 сәуірде белгілі болады.

    Бүгінде аймақта 201 құлақтандыру құрылғысы бар, бұл облыс аумағын қамтудың 31,9 пайызын құрайды. Аймақ бойынша жалпы саны 595 бірлік ескерту құрылғысын орнату қажет. Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың бюджетті шектеуіне байланысты 100 бірлік дабыл-сөйлеу қондырғыларын сатып алуға қаржы бөлінбеді. Биылғы жылдың басында 50 дана дабыл-сөйлеу қондырғыларын сатып алу үшін 324 млн 500 мың теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қауіп туындаған кезде облыс халқын жарақтандыру және хабардар ету үшін дабыл-сөйлеу қондырғыларына қосымша 200 бірлік құрылғы сатып алу қажеттігі бар, – деді департамент өкілі.

    Ал су тасқынына дайындық мәселесі биылғы 30 қаңтарда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қаралғанын, тиісті су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін облыс әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №18 «2024 жылы халықты, шаруашылық объектілерін және олардың ықтимал залалын азайту мақсатында ықтимал қар көшкіндеріне, су тасқынына, сел тасқынына дайындық туралы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы шығарылғанын, сондай-ақ «2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары» мен «Алматы облысының аумағында 2024 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жөніндегі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілгенін айта кетті. Су тасқыны асқынған жағдайда жалпы саны 1326 адам, 471 техника, 126 мотопомпалар, 29 жүзу құралы, 35 460 қапшық қарастырылғанын, жалпы облыс бойынша жағдай тұрақты және бақылауда екенін алға тартты.
    Жиын барысында салық, бюджет, су, құрылыс кодекстері және мемлекеттік сатып алу жөніндегі заң жобалары да талқыланды. «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жиналыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    Алма Есенбай,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    2 years ago
    Арманы асқақ

    Арманы асқақ

    4 months ago
    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    7 months ago
    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    Қолдан жанармай тапшылығын болдырмау үшін мұнай базалары тексеріледі

    2 years ago
    СТУДЕНТТЕР ФИЛИАЛ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    СТУДЕНТТЕР ФИЛИАЛ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.